Тұлғалыққа бір қадам

Бәйгенің мақсаты мектеп оқушыларын кітап оқуға деген құштарлығын оятып, кітап оқу дағдысын қалыптастырып, әрі жандандырып, сол арқылы төл құндылықтарымызды насихаттау болып табылады.
Сайысқа Жаңақорған кенті мектептерінің 3-11 сыныптың 300-ге жуық оқушылары қатысуда. Оқушылар 4 ай мерзімде 4 кітап оқып, мән мағынасына үңіліп, өзара талқылау арқылы үздіктер әр ай сайын анықталып отыратын болады. Бүгін бәйгеге қатысушы оқушылар арасында "Финляндия ақ лала гүлдер мекені" кітабы бойынша флешбук жиыны өткізілді. Оқушылар өзара жарысқа түсіп, үздік болып танылған С.Сапарбеков атындағы #125 мектеп оқушылары 30000 тг құрайтын қаржылай сертификатпен марапатталды.