№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Психологиялық қызмет бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде

Психологиялық қызмет бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде



Облыстық "Тәрбие, спорт және қосымша білім беру" орталығының ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданы білім бөліміне қарасты орта білім беретін мектептердің педагог-психологтарына облыстық әдістемелік-семинар өткізілді.
Әдістемелік семинар мақсаты - педагог-психолог қызметіндегі психологиялық сүйемелдеу жұмыстарымен таныстыру, ағартушылық бағытта топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігінің алдын -алу бағытында диагностика жүргізу, кеңес беру және салааралық байланыс орнату бағытындағы психологиялық қызметті дамыту болды.
Семинарда:
Психологиялық қызмет бойынша нормативтік құжаттар мен жұмыс жасау қағидалары;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы #377 бұйрығына сәйкес, алқалы орган жұмыстары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 тамыз 2023 жылғы #748 қаулысы негізінде жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын - алу
Диагностикалық бағытта ерте анықтау.
Алғашқы сұхбат жүргізу, кеңес беру
Дамытушылық және түзету бағытындағы жұмыс түрлері таныстырылды.
Шара барысында жасөспірімдермен жүргізілетін шебер сынып сағаттары өткізіліп, мамандармен өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.
Ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.
14 ақпан 2024 ж. 165 0