Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Солтүстікке көш: Бағдарлама бағыты көңіл көншіте ме?

Солтүстікке көш: Бағдарлама бағыты көңіл көншіте ме?


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кейінгі он жылдағы ішкі миграцияға талдау жасап, оңтүстік облыстардағы тұрғындардың бір бөлігін солтүстікке көшіру қажеттігін анықтаған. Егер бұл мәселе реттелмесе, 2050 жылға қарай солтүстіктегі халықтың саны миллион адамға қысқарып, оңтүстік өңірдегі халық саны 5,2 млн адамға артатын көрінеді. Осы мәселенің алдын алуда Үкімет бекіткен «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» Ережеге сәйкес солтүстік өңірлерге қоныс аудару жұмыстары жалғасуда.

2014 жылдың желтоқсан айында Сыр елінен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласына алты отбасы қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтар бағдарлама аясында тұрғын үймен және тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал, 2015 жылы Риддер қаласына тағы да екі отбасы, 2016 жылы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысына біреуден, Павлодар облысына екі отбасы қоныс аударды.
Сонымен қатар 2017 жылы бағдарламаға өзгеріс­тер енгізіліп, «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар­ға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бекітіліп, Түркістан облысы қоныс аудару өңірлерінің қатарына қайта енгізілді. Осыған орай, облыстан солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағытында бірқатар жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде 2017-2021 жылдар аралығында 602 отбасы (құрамында 1702 адам) жаңа ортаға бет алған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында елдегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Тіпті, оңтүстіктен солтүстікке көшуге қатысты мәселеге тоқталып, cолтүстікке көшіп келушілерді ынталандыру үшін оларға берілетін жәрдемақының мөлшерін екі есе, яғни, 35 айлық есептік көрсеткіштен 70 айлық көрсеткішке дейін көбейту керек деп тапсырма берді. Сондықтан биылдан бастап қоныс аударған отбасының әрбір мүшесіне берілетін қаржының көлемі ұлғайды. Мұнан бөлек, коммуналдық төлемдерді және жалға алынған баспананың ақысын төлеу үшін бір жыл ақшалай көмек көрсетіледі. Бүгінде солтүстікке қоныс аударған азаматтардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмыспен қамтылған.

«Еңбек» бағдарламасына қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге берілетін материалдық көмекке тоқталсақ. Қалалық жерлерге қоныс аударғандарға бір адам үшін 20 АЕК (58340 теңге), отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК (72925 теңге), отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК (87510 теңге) мөлшерінде төленеді.Ауылдық жерлерге қоныс аударса, бір адам үшін 15 АЕК (43755 теңге), отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК (52506 теңге), отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК (61257 теңге) мөлшерінде төленеді.«Еңбек» бағдарламасының 5.3.2 бөліміне сәйкес, ерікті түр­де қоныс аударғанда мемлекеттік қолдау шарала­ры бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне бір рет көрсетіледі. Көшуге материалдық көмек олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ
13 ақпан 2024 ж. 296 0