Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 554

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жол қадірін жүрген біледі

Жол қадірін жүрген біледі

Дана халқымызда «жол қадірін жүрген біледі» деген керемет сөз бар. Шындығында солай. Кейбір нәрсенің байыбына барып, қадірін жіті түсіну үшін алдымен оны көзбен көріп, қолмен ұстап, білу қажет. Сонда ғана оның қадір-қасиетіне тереңдей түсесің. 7-8 ақпан күні еліміздің батыс өңірлерінде ауа – райының күрт нашарлауының себебінен, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Самара-Шымкент тас жолы жабылып, жүк көліктері Жаңақорған ауданы тұсында қалып қойды. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - демекші, осындай күйге түскен жолаушы бауырларымыздың шарасыз күйін көргеннен алаңсыз жата алмадық.
Осыған орай, өзімнің демеушілігіммен , Жаңарған Жаңақорған жастары еріктілер қорының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қатысуымен жүк көлік жүргізушілеріне ыстық тамақ, сусындар үйлестірілді. Барша атсалысқан жандарға алғысым шексіз!
Ниетіміз түзу, мейірімді, жылы жүректі, қайырымды болайық, ағайын!
Жолың болсын- жолаушы!
09 ақпан 2024 ж. 448 0