№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл ажары – азамат абыройы

Ауыл ажары – азамат абыройы


Жақсыларды ардақтау, жақсы адамға қарап бой түзеу – қазақ халқының ерекше қасиеті ғой. Бүгін Түгіскен ауылындағы алдыңғы буын аға, жанындағыларға қалтқысыз қамқорлық танытатын ең жақын, шынайы жанашыр жан Қамбар Садықов жайында бір үзік сырыммен бөліскім келді. Біз көбіне “ауылына қарап азаматын таны” деп жатамыз, ал осыны керісінше “азаматына қарап ауылын таны” деуге де болады. Өйткені ауылды түрлендіретін де, гүлдендіретін де ауылдың атқа мінген азаматтары, елді ел ететін де сол ауылдың еңбекқор, бейнетқор ерлері екені белгілі. Қамбар аға дәл осындай азамат.


Ауылда қандай мәселе туындаса, сол жерден бірінші болып табылатын да дәл өзі. Ауылда қандай мұқтаждық туындаса, ағайынның басын қосып, дереу шешімін табуға атсалысады. Ел басына күн туғанда кешегі Арыстағы төтеннен келген жарылыста елді жұмылдырып, Мақтаралдағы су тасқынында жанұшырып жүгіріп жүріп, елге қызмет етті. Міне, енді қасиетті Садыр бабаның басына белгі орнатып, арнайы зиярат орнына айналдыруға осыдан он шақты жыл бұрын ауыл имамы Таиржан Сайфназаров ағамыз бастап, бүгінде осы Қамбар ағамыз қолдап, үлкен шаруаны қолға алды.
Жақында өткен сайлауда ел азаматтары бас көтеріп, депутаттыққа да ұсынды. Бірақ, інілік жолын көрсетіп, ағасына жолын берген еді.
Бәлкім, “Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады” деген аталы сөздің мәні осында болса керек.
Данышпан Абай – “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат” – деп айтқан жоқ па еді?! Осы қасиеттер адамның өң бойында болса, ол тұлға болып толысары сөзсіз. Қазақта “бесаспап”, “әмбебап” деген де сөз бар. Әрине, бұл сөздер кез-келген кісіге, екінің біріне айтыла бермейді. Бірақ осы тіркес нақ осы Қамбар ағама қаратып айтылғандай. Ол ісімен ірі, көңілі жүйрік, нағыз ауылдың жанашыры.
Тал бойына адамгершілік пен адалдық, еңбекқорлық пен табандылық дарытқан, туған жер құт мекен екенін ол үнемі айналасындағыларға айтып жүреді. Ендеше сол өзін әлдилеген алтын бесікке қандай қызмет жасаса да жарасымды. Қамбар аға мақтанып, елге көрінгенді ұнатпайды. Туған жерге көзің жұмылғанша тік тұрып қызмет жасау – азаматтың парызы деп санайды. Мен көріп өскен Қамбар ағамның жан әлеміндегі, жүрек түкпіріндегі, ақылдың алтын сандығындағы маржан ойлары, өнегелі істері осындай. Туған жерге жасаған қызметі үшін ешкімнен ештеңе сұрамайды. Ол өзінің өмір керуеніндегі жолы біткенше жалғаса беретінін әрдайым дәлелдеп келеді.

Берік АТАҚОЖАЕВ

07 ақпан 2024 ж. 240 0