Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасөспірімдерді бақылаудың тың әдісін қолданыла бастады

Жасөспірімдерді бақылаудың тың әдісін қолданыла бастады

Ішкі істер министрлігі жасөспірім балалардың құқығын қорғауда жұмыс алгоритмінің тың әдісін қолдана бастаған. Полиция қызметкерлері енді мектеп жасындағы балалардың көшбасшыларын анықтап, бақылауға алады.

Бүгінге дейін жасөспірімдердің 1400-і тіркеуге алынған
Әр оқу орнына жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкері, жедел уәкіл мен учаскелік инспектор бекітілген. Олар алдын алу жұмыстарын жүргізіп, оқушылар арасындағы заңға қарсы әрекеттерді анықтауға тырысады.

– Жыл басынан бері қоғамға қарсы әрекетке бейім жасөспірімлердің формальдан тыс 1400 серкесі анықталды. Олардың бәрі ішкі істер органдарының бақылауына алынды, – дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов бүгінгі брифинг барысында.

Оның айтуынша, жасөспірімдер тарапынан бопсалаудың 40 фактісі тіркелген.


Қазақстанда жасөспірімдерге қарсы қылмыс жиі тіркеледі.  13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттаған еді. Осы оқиғадан кейін үкімет жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды. Қылмыс жасаған жасөспірім 6 жыл 9 айға сотталып кетті.
Өкінішке қарай, мұндай қылмыстарды полиция қызметкерлері де жасайды. Былтыр ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі полиция қызметкерінің Алматыда 14 жастағы жасөспірім қызды зорлау фактісін растаған еді. 
ІІМ өкілдері елдегі және шетелдегі «Черный двор», «Слово пацана» туындылары жасөспірімдерге кері әсер етіп жатыр деп есептейді. 



05 ақпан 2024 ж. 145 0