№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

"Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 27.08.2020 жылғы /1-5-2-38/2983-И санды нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 07 желтоқсан айының 01 күндері аралығында аудан көлемінде "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.


Өткізілетін кезең ішінде учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскесіндегі тұрғындармен танысу, сондай-ақ, әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында аула және көп қабатты үйлерді тексереді. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Іс-шара барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу мен қадағалаусыз қалу фактілерін жою мақсатында жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер тексерілетін болады.
Ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары қыстақтар мен шаруа қожалықтарын тексеріп, тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдарды, заңсыз жұмыс күшін пайдалану, шетелдік азаматтардың көші-қон ережесін бұзу, тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.

Сонымен қатар тұрғындар арасында туындаған мәселелерді шешу үшін учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып халықпен кездесулер ұйымдастырады.

Нариман ҮСЕНҰЛЫ
08 қыркүйек 2020 ж. 511 0