Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бақыт кілті балғындар жүрегінде

Бақыт кілті балғындар жүрегінде



Білімгерлерге былтырғы жылы есігін айқара ашқан аудан орталығындағы №286 орта мектебінде «Әкелер кеңесі және «Айнымас асыл» сынды аналар мектебі жұмыс жасап келеді. Балғындар жүрегіне ізгілік пен адамгершіліктің дәнін егуді мұрат еткен тәлім-тәрбие арқауын негіз еткен бұл тағылымды дәстүрді сыннан өткен ағалар жолының сабақтастығы деуге де болады.
Бүгін, қасиетті жұма күні аталмыш мектептегі «Айнымас асыл» аналар мектебінің ұйымдастыруымен «Бақыттың кіліті» деп аталатын тағылымды шара болып өтті. Рухани кешке ата-аналар, ұстаздар және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Өмірге келген әрбір жан бақытты болғысы келеді. Бірақ бақытқа қол жеткізудің жолы қайсы?
Осы сауалдаор тұрғысында ой бөлісіп, пікір алмасып, толғамдарын ортаға салған шәкірттер жан-дүниесінің тазалығымен, періште пейіл, жарқын сенімдерімен үмітімізді үкіледі.
Кешті ашқан мектеп директоры Ләззат Нәлібаеваның жүрекжарды ұстаздық лебізі төмендегіше өрілді.:
- Мектебімізде Әкелер кеңесі, «Аналар мектебі" жұмысы ынтымақтас өріліп аеледі. Осындағы балаларға тәлім-тәрбие беру, ой-өрістерін дамытуды мақсат ткен іс-шаралар жалғасын тауып келеді. Ой саларлық шараның өтуіне ұйытқы болып отырған кешті ұйымдастырған 10 сыныптың жетекшісі Мақсат Бағдатұлына, :Ааналар мектебінің" жетекшісі Айнұр Алаудинқызына және шәкірттеріме рахмет айтқым келеді.
Үш -ақ әріптен тұратын ана деген киелі ұғымның қадіріне жетіп, қанша құрмет жасасақ та артық емес. « Жұмақтың кілті ананың табанында» дейміз. "Тар қолтыққа оқ тисе суырып алар қарындас» деген тәмсіл де бар. Сондықтан, балалар, әрқашанда ата-аналарыңды сыйлаңдар. Ата-ананы разы етсеңдер сендердің де барша арман-мұраттарың орындалады , деді.
Келесі кезекте қаламгер Баян Үсейінованың туындысының желісімен түсірілген «Бақыттың кілті» деп аталатын бейнесюжет тамашаланды. Қойылым кейіпкерлерін мектептегі жас ұстаздар мен оныншы сынып оқушылары сомдап, бақыттын шын мәнісін өнер тілінде өрнектей білді.
Одан әрі кеш барысында Әтен Ақниет, Мадияр Ғасырбек, Омар Айғаным, Бөкенбай Айдын, Нұрлыбай Жанель, Дәулет Мақсат, Төлбасы Гүлсезім, Темірбек Айбек, Інжу Мұхамеджанқызы, Алтынбек Әлішер сынды оқушылар бақыт туралы ақын өлеңдерін жатқа айтты. Шараның мазмұнды өтуіне белсене атсалысқан Молдабек Бижан мен Изатулла Гүлімнің ерекше талабы көп көңілінен орын алды. Сондай-ақ жас ұстаз, музыка пәні мұғалімі Арман Дүйсенбектің орындауындағы әндерге көпшілік сүйсіне қол соқты.
Рухани шарада ата-аналар атынан сөз алған Мирамкүл Бурабаева балаларға арнап жүректен шыққан жыр жолдарын тарту етті.

                                                                                                                                             Жамила Ермахан
04 ақпан 2024 ж. 183 0