» » «Оқуға құштар мектеп жобасы»

«Оқуға құштар мектеп жобасы»



Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес, ағылшын тілі пәнінен 8-11 сынып оқушылары арасында «READx» «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында аудандық байқауы 29 .01.2024 күні сағат 13:00 -де №163 орта мектеп базасында білім бөлімінің әдіскері Б. Абжаппарованың ұйыдастыруымен өткізілді.
Жалпы ережелер.
1.1 Ағылшын, Американ жазушыларының көркем шығармаларын ағылшын тілінде оқу;
1.2 Оқыған шығармаларын қысқаша баяндау ,басты кейіпкерлер жайлы шолу жасау;
1.3 Шығармаға презентация жасап, ағылшын тілінде 7 минутта қорғау.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері.
2.1 Ауданымыздағы ағылшын тілі мұғалімдері мен оқушылардың шығармашылық бастамаларын жандандыру;
2.2 Талантты және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
2.3 Қазіргі қоғамда ағылшын тілін жетік игеру;
2.4 Оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту құралы ретінде ораторлық өнеріне тарту;
2.5 Оқушыларды қөркем әдебиетті оқуға қызықтыру.

3. Бағалау критерийі мен тәртібі :
3.1 байқау қортындысын шығару үшін қазылар алқасы мен конкурстық комиссия құрылды;
3.2 байқауға қатысушылардың жұмыстары Конкурстық комиссия
4 критертий бойынша бағалады:
- тақырып талаптарына сәйкестігі;
- ағылшын тілінде сауатты сөйлеу, айтылу, сөйлем құру
- көркемдік дизайн (өзіндік және өзіндік ерекшелік);
- ораторлық (шешендік).
Байқауға ауданның барлық мектебінен келіп бақ сынасты.
І,ІІ,ІІІ жүлделі орындар, сондай-ақ номинациялар белілді
01 ақпан 2024 ж. 171 0