Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «WonderFest 2023» аудандық байқауы өткізілді

«WonderFest 2023» аудандық байқауы өткізілді



Ағылшын тілі пәні бойынша 29 қараша күні №3 мектеп- интернаты базасында білім бөлімінің әдіскері Б. Абжаппарова мен №3 мектеп-интернаты мұғалімі Ж. Абибуллаеваның ұйымдастыруымен 3-11 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде театрландырылған «WonderFest 2023» фестивалі «Оқуға құштар мектеп-Оқуға құштар ұлт» және «Балалар және театр» жобалары шеңберінде өткізілді.
Байқауға  «Express Publishing» халықаралық баспасы шығарған ағылшын тіліндегі көркем шығармалар негізінде (театрлық қойылым) қабылданды.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері
* Ауданымыздың ағылшын тілі мұғалімдері мен оқушылардың шығармашылық бастамаларын жандандыру;
* Талантты және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
* Қазіргі қоғамда ағылшын тілін жетік игеру;
* Оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту құралы ретінде театр өнеріне тарту.
* Оқушыларды көркем әдебиетті оқуға қызықтыру.

Фестивальге қатысушылардың жұмыстары конкурстық комиссия 6 критерий бойынша бағаланды:
-тақырып талаптарына сәйкестігі;
-ағылшын тілінде сауатты сөйлеу, айтылу, сөйлем құру
-көркемдік дизайн (өзіндік және өзіндік ерекшелік);
-көркем экспрессивтілік (шығармашылық жұмыстың стилистикалық бірлігі және сахналаудың тұтастығы);
-костюмдер мен декорациялар;
-актерлық шеберлік.
Байқауды қортындылай келе қатысушыларға I, II, III жүлделі орындар, сондай-ақ номинациялар берілді. Байқау қорытындысы 1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар, 9-11 сыныптар жас санатын ескере отырып, шығарылды.
03 желтоқсан 2023 ж. 444 0