Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталды
Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді.
Тест тапсырушыларға өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.
«Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Бұған, жалпы алғанда, 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың иелері шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», деп түсіндірді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Айта кетейік, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, ал бейінді магистратураға - 50 балл. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады.