Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлер марапат мінберінде

Кәсіпкерлер марапат мінберінде



2023 жыл – жетістіктері мол, табысы зор, мерейлі де мерекелі жыл болды. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік даму жолына түсті. Құрылыс қарқыны үдей түсті. Барлық салада жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. «Еңбек ерлікке, ерлік елдікке жеткізеді» деген дана халқымыз. Қашанда ішкі ынтымағы жарасқан елдің көптен көші озып, болашаққа басқан қадамы нығая түсті. Ауылшаруашылығы саласында жүйелі жұмыстар бар. «Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да, білек бір» деген дана сөз бар. Ауданда зәулім ғимараттар тұрғызып, құрылысты қарқындатқан кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерінің де үлесі еленіп, кент әкімдігі тарапынан құрметке бөленді.
Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің. Осы сөзді ұран еткен бірқатар аудан кәсіпкерлері өткен жылы қарапайым халықтың жанынан табылып, көмек қажет еткен жандарға демеу болды. Осыны ескерген кент әкімі Асқар Ибрагимов туған жері мен елін, ауыл-аймағын өркендетуге үлес қосып, қамқорлық танытып жүрген, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған жомарт жүректі жандарға құрмет көрсетіп, арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.
– Қайырымдылық – қоғамның құндылығы. Ата-бабаларымыз қашанда қайырымдылық пен ізгілікті, жомарттықты алға қойған. Мұқтаж жандарға қол ұшын соза білген. Бүгінде арамызда жүректері мейірімге толы, өзгелерді қуантуға асық тұратын азаматтарымыз жетерлік. Ауданымызда жомарттығы өзгелерге үлгі жандар аз емес. Осындай азаматтардың арқасында өмірдің қатал сынағына ұшыраған жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен жандар қоғамнан ешқашан шеттелген емес. “Жомарт – бердім демес, жомарт – кекті білмес, батыр – көпті білмес” деген сөз бар. Осылай халыққа жылу сыйлап, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген барлық қайырымды жандарға айтар алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз қайырлы, кәсіптеріңіз берекелі болсын. Сіздерге көрсетілер құрмет те, айтылар алғыс та шексіз! Әрдайым елдік жолында есепсіз қызмет ете беріңіздер. Осы игі істеріңіз үшін барлықтарыңызға аудан халқы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз, – деп алғысын білдірді.
Атап айтсақ, Оразбек Үсейінов, Сейітқожа Жұманқожаев, Нұржан Палманов, Олжас Фазылов, Нұрсұлтан Мелдебеков, Ләззат Қалдыжігітқызы, Ерсұлтан Әбілхайыров, Нұрбек Қалдыбеков, Шахмардан Түлепбаев, Біржан Қалжанұлы, Шархан Амзеев, Ілесбек Абилов, Данияр Досантаев, Айбек Арынов, Нұрлан Садуақасов, Спабек Абсадықов, Ғазиз Айтілеуов сынды азаматтар бар. Сондай жомарт жүректі кәсіпкердің бірі «Ханша» сауда үйінің иесі Нұрсұлтан Мелдебеков қолда барын аямайтынын көріп те жүрміз.
– Нарық заманы ешкімге де оңай соқпай отыр. Қазір табыс табу да, кәсіпті үйлестіру де оңай емес. Қолымыздан келгенше ісімізді дөңгелетіп, шамамыз келгенше халыққа қызмет етуге тырысып келеміз. Елдің іші болғаннан кейін түрлі жағдайлар болып жатады. Бірінің ішер асы болмаса, енді бірінің денсаулығы сыр беріп, үлкен жерде емделуге тура келеді. Жалған өмірде жанымыздағы жандарға қолымыздан келгенше қол ұшын созу азаматтық парызым деп санаймын, – дейді жас кәсіпкер. Осылайша өзгелерге болысып, қолынан келгенін аямайтын жомарт жандар құрметке бөленді. Бұл алдағы уақытта да аудан кәсіпкерлерін қайырымды істерге, өңірдің даму жолында аянбай тер төгуге жетелейді деген сенімдеміз

Әсел РЗАЕВА

13 қаңтар 2024 ж. 285 0