Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкер құқығы - өркендеудің өрісі

Кәсіпкер құқығы - өркендеудің өрісі


Жалпы соңғы жылдары біздің елде кәсіп бастауға немесе шағын бизнес саласын өркендетуге мемлекет тарапынан қолдау көп. Қайтарымсыз қаржылар, жеңілдетілген несие, жарқын жобалар және басқа да іскерлікке демеу аз емес. Дегенмен кейбір мәселе бойынша кедергілер де кездесіп жатады. Мәселен, біздің ауданда жер мәселесі, субсидия, салықтан сүрінгендер де жоқ емес. Осындай түйіткілдерді әрбір шаруа қолына қағаз алып, қиналғанда прокурор мен жауапты мекемелер есігін тоздырады. Өткен жұмада ауданда арнайы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен облыстық прокуратураның бірлескен көшпелі отырысы өтті.

 Еркін форматтағы отырысқа Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Аязбайұлы, Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы, облыс прокурорының орынбасары Дамир Мелдебайұлы, Жаңақорған ауданының прокуроры Дарын Елтайұлы және уәкілетті бақылаушы, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты
 Мақсат – кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіппен айналысу барысында кездесетін түрлі көлденең кедергілерді жою және олардың алдыналу. Кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың проблемаға бағытталған сұрақтарын мүмкіндігінше тез арада шешу.
 Жиынды аудан әкімі ашып, бүгінгі тақырыптың өзектілігіне тоқталды. Айта кететіні, жиналысқа жалпы саны кент пен округтерден 60-тан аса кәсіпкерлік субъектілері мен шаруа қожалықтар қатысты.
 – Қазір шағын кәсіпкерлікке байланысты арыз-шағым көп. Әсіресе, ауылдағы ағайынның жанайқайы бізге жетпей жатады. Сондықтан біз кәсіпкерлііке жауапты мекемемен бірігіп, өзіміз алдарыңызға келуді ұйғардық. Қажет болса жиі келуге тырысамыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сан сауалдарын тыңдап, ұсыныстарын қағазға тұүсіріп, нәтиже шығаруға келдік, – деді Дамир Мелдебайұлы.
 Жаңақорған ауданы соңғы жылдары шағын кәсіптен көштің алдын түсті. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласында қожалықтар жетерлік. Дегенмен, кейбір заңдылықтар бойынша кәсіпкерлер жеңіліп жатады. Осы төңірегінде Салават Аязбайұлы:
 – Кәсіпкерлік жүйесінде көп өзгерістер жасалуда. Кейде түсініксіз заңдылықтардың парақтары кезедседі. Мәселен, бізде көп құжат орыс тілінде болғандықтан, оны қазақшаға аударғанда қате кетіп жатады. Осындай мәселелерді басты назарда ұстаймыз. Былтыр облыс прокуратурасымен бірлесіп, 10 ұсынысты жеткізіп, барлығы дерлік оң нәтижемен аяқталды. Сондықтан, кәсіп иелері бұл саланың оң жанбасына келмейтін заң тармақтары болса, бағдарламаларға түзетулер енгізу керек болса ой-пікірлерін ортаға салса немесе қағаз жүзінде түсіріп бресе де болады, – деді.
 Жоғарыда айтқандай, біздің ауданның негізгі беделін ауылшаруашылығы саласының шағын іскерлері құрайды. Оларды толғандыратын мәселенің бірі субсидия мәселесі. Жиында мал шаруасы, оның ішінде базадағы кейбір орынсыз жайыттар айтылды. Соның негізінде аумақтық инспекцияға ауданнан ма мандар тартылса дейді. Жауабы белгілі ғой, қазір барлығы электронный болғаннан соң, барлық қызмет түрін облыс орталығына біріктірілді. Дегенмен, ұсыныс қайта қаралады деді қонақтар.
 Бұдан басқа көкейде жүрген түйіткілді мәселелер қозғалды. Кәсіпкерліктің түрлі бағыты қамтылып, бірден ұсыныспікірлер талқыланып, жауап беріліп отырды. Кәсіпкер «Тасболат-А» ЖШС төрағасы Бақытжан Тасболатовтың жайылымдық жеріне байланысты мәселесі оң шешімін тапты. Сонымен қоса жеке кәсіпкер «НҰР» жетекшісі Аблан Асеновтың аудан әкімдігі жанынан құрылған түрлі комиссиялардың құрамына кәсіпкерлерден қосу туралы ұсынысы қолдау тапты.
 Ауылшаруашылығы саласына берілетін субсидиядар туралы, олардың берілу тәртібі, берілген субсидияны негізсіз кері қайтарып алу, жайлы және жайылымдық жерге байланысты болды. Кәсіпкерлерді қолдап, қорғау оларды сүйемелдеу бағытындағы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Бұған кәсіпкерлер палатасымен прокуратура органы бірлесе отырып әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.
 Жалпы қай елдің болмасын, әсіресе дамыған мемлекеттердің негізгі экономикасы шағын кәсіпкерлікпен өлшенеді. Бұл елдің экокномикасын көтерсе, екіншіден, жұмыссыздық мәселесін шешіп, қаржылық қиындық жеңіп шығады. Сондықтан Мемлекет басшысы да кәсіпкерлік саласына жіті көңіл бөліп, мүмкіндігінше өрлеудің жолында болуын қолдап келеді. Ендеше, уақыт оздырмай іске кірісіп, шағын істі ширатып, шаруаны шаш еткетен етуге бүгіннен кіріскеніміз жөн.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ
29 маусым 2022 ж. 278 0