Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 334

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 2023: Жаңақорған ауданына жемісті жыл болды

2023: Жаңақорған ауданына жемісті жыл болды



Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданның қорытынды шарасы өтті. Мерекелік шарада жыл бойы өз саласының үздігі атанып, ауданның дамуына үлес қосқан білікті мамандар марaпатталды.
Қорытынды кеште аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов аудан тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданымыз үшін жасалған әрбір игі бастаманың серпін алуы ел бірлігінің арқасы екенін жеткізді.
«Енді санаулы сәттерден кейін жаңа 2024 жылға қадам басқалы тұрмыз.
Тарих қойнауына енгелі тұрған жыл еліміз үшін жарқын істерге, жетістіктер мен жеңістерге толы болды деп айта аламыз.
Біз жаңа жылға ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басамыз.
Жаңа жыл - адамзат баласы үшін өткенді зерделеп, алдағы күндерді межелейтін маңызды мереке. Жақсылықтың жаршысы Жаңа жыл әр отбасына жылулық әкелетін жасампаз мереке болсын»,-деді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов

Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
07 қаңтар 2024 ж. 408 0