Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өңдеу өнеркәсібін дамытсақ

Өңдеу өнеркәсібін дамытсақ



Өңдеу өнеркәсібі оның ішінде кенжелеп қалған саланың бірі ол былғары өңдеу өнеркәсібі. Жалпы бұл бағытты жетілдіру бойынша биік мінберлерде ұсыныстар айтылып, сөз қозғап келеміз соның бірегейі өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Аблан Асенов болатын.
Мәселенің мән-жайын білмекке Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында іс-сапарда болдық.
Әуелі Алматымен іргелес Көкөзек ауылында Саят Аблақов басқаратын "Almaty Tannery+" ЖШС тері өңдеу зауытында болдық. Бұл жерде 200 ге жуық адам жұмыс жасайды екен. Шикізат Алматының айналасындағы ауылдардан, Түркістан облысы және Солтүстік өңірлерден қабылданады. Дайын өнімді негізінен Алматы.,Тараз., Ақтау., Қарағанды қалаларындағы Мемлекеттік тапсырыстарды орындаушы фабрика, цехтарға жібереді. Онда Етіктер,(арнайы етіктер, әскери етіктер) жасалып шығарады екен. 1 айда 75000 дана МІҚ терісін өңдеуге қаухарлы зауыттың қазіргі жұмыс жүктемесі 20-25% құрап отыр.
Сонан кейін Тараз қаласында орналасқан "ТаразКожОбувь"ЖШС тері өңдеу зауытына бардық. Мұнда бұған қоса аяқ киім шығаратын үлкен фабрика бар. Жалпы өндіріс орыны 1961 жылы құрылған. Шикізатты жергілікті жерден жетпегенін өзге өңірлерден алады. Зауыт Сиыр(бұқа), қой терісін қабылдайды Өндіріс басшысы Еркін Абдыбаев Кеңес заманындағыдай ет комбинаттарында малды дұрыс соймағаны үшін жауапкершілік бар еді дейді, терінің сапасыздығын айтып тұр. Жеңілдік /субсидия/ малға, етке, егістікке, жанар-жағармай, т.б. бар, ал тері өндірісіне ештеме жоқ деп базынасын басып айтты. Зауыттағы құрылғылар уақыт талабына сай жаңартылып отыру керек дейді. Мысалы: Түркия Елінде бұл салаға мемлекеттік қолдау кеңінен жасалынған деседі. Осы кезге дейін былғары кластерінің дамымай отқан себебінің бірі осы болса керек. Қазір малды көпшілігі үй жағдайында және асығыс сойылады, салдарынан мал терісіне пышақ іздері түсіп, кесіліп кетіп жатады, оған қоса мүйізді ірі қараға тән оқыра ауруы теріні бірнеше жерден тесіп білгілі пайызын жарамсыз етіп тастайды. Мысалы 5000 терінің ішінен 2500 ғана жарамды. Кәдеге жаратуға келетін бөлігін өңдеу үшін қыруар химиялық қоспалар кетеді. Хим.қоспалар Шет Елдерден келеді бағасы да қымбат+салығы бар. Бізде кластер жоқтың қасы екен, инемен жіпті Италиядан, химиялық қоспаларды Германиямен Түркиядан, резеңке/ризина/Италиядан, бәтеңкенің бауы Ресейден әкелінеді Қазақстандық үлес мал терісімен адамдардың еңбегі. Қазір фабрика жылына 500 000 жұп аяқ киімді шығарса, алдағы 2-3 жылда 1 млн жұп шығару жоспарымызда бар дейді. Фабрикада Ер, әйел, арнайы аяқ киімдер тапсырысқа сай дайындалады. Биылға қолданылған былғары мөлшері 15 млн дециметрді құрапты.
Сапардың соңғы нүктесі Шымкент болды. Исабаев Пархат мырза басқаратын "Turan Skin" ЖШС тері өңдеу зауытына тоқтадық. Өндіріс орыны 2001 жылдан бері жұмыс жасайды. Қуаттылығына сай қазір 1 күнде (күндіз) 1000 теріні өңдеп дайын өнім қылып шығарып отыр. Кезінде осы өндіріс орыны дайын өнімді Қытай, Түркия, Италия, Пакистан, Балтық жағалауы Елдеріне экспортталған ол кезде күніне 1300-1500 дана шығаратынбыз деді басшысы. Терінің бір бөлігін тамақ өнеркәсібіне "белок"/протеин/ үшін дайындалып Ресей, Белорусия, Украина, Елдеріне жіберіледі. Қазір зауытта 50 адам жұмыс істейді. МІҚ терісінің 1 данасы 1200 тг бастап алады, бұқаныкін 3500-4000тг. Солтүстік өңірлерден кг-на есептеп алынады екен себебі ол жақтың терілерінің салмағы ауыр болып келеді. Зауыт МІҚ(сиыр, бұқа), ұсақ малдардың терісін сапасына сай қабылдау үшін Еліміздің әр өңірінде тері қабылдау пунктерімен, қоймалары жұмыс жасайды. Аталған 3 зауытта алдағы уақытта іскерлік байланыс орнатып, білгендерімен бөлісетінін және сапаға сай келсе шикізатты да қабылдауға келісетіндерін жеткізді.
Түсінгеніміз қазір жұмыс істеп тұрған зауыттардың барлығы толық қуаттылықта, өз дәрежесінде жұмыс істемей тұр. Барлығында ұқсас жағдай. Сапалы шикізаттың тапшылығы, технологтың болмауы, осы сала бойынша жаңа буын жас мамандарды дайындап оларды соңғы финишпен қызықтыру. Соңғы финиш деп отқанымыз сол жерде өңдеп дайын өнім өзімізде шығару (аяқ киім, киім, жаға, сөмке, белдік, тон, т.б былғарыдан жасалатын дүниелер). Қазіргі ескі құрылғылармен жартылай өнім дайындалатын жүйеге жастардың қызығушылығы төмен. Елімізде небәрі 6 тері өңдеу зауыт бар. Қазақстандағы аяқ киім шығаратын фабрика, цехтардың 15-20 пайызын ғана қажеттілігін қамтамассыз етіп отырмыз, қалғанын шет мемлекеттерден алауға мәжбүрміз. Шикізаттың контрабандалық жолмен шет Ел асып кетіп жатқандары да кездеседі. Шикізатты шетке өткізбейміз, өзімізде дайын өнім шығарамыз деген мақсатпен тері сыртқа шықпай қалды. Мал терісі тау-тау болып үйіліп жарамсыз болып қалды. Бірақ дайын өнімді шығаруға дайын тұрған жүйенің жетіспеушілігі кәсіппен айналысамын деушілерге кедергісін келтірді. Теріні сыртқа шығарса өз талабына тура келетін сапалы терілерді алып жоғарыда айтылғандай кесілген, тесілген қалдық тері кәдеге жарамай кәсіпкерді тағыда қыруар шығынға батырып , зауыт фабрикалардың жұмысы тұралап, тоқтап қалу, тауар бағасының қымбаттау қауіпі тағы бар. Мәселен аяқ киім фабрикалары дайын былғарының 1 дециметрін Алматыдан 60-62тг алса, Түркиядан 150-160 тг алады. Содан соң әрине баға қымбаттайды. Ішкі нарықты сақтап, оны үйлестіру керек ақ.
Мәселелер:
1) Шикізатқа қабылдайтын тері сапасының төмендігі
2) Мемлекет тарапынан қолдаудың болмауы (субсидия, дотация, т.б)
3) Шет Елден әкелінетін тері өңдеуге арналған химиялық қоспаларға, құрылғыларға, т.б қосымша заттарға кедендік Баж салығын алып тастау керек.
4) Малды арнайы қасапханаларда(убойный цех) талапқа сай сою.
5) Малдарға оқыраға қарсы арнайы екепелерді, дәрі дәрмектерді салып, оларды үнемі ветеринарлық бақылауда ұстау.
6) Қазақстанда желатин өндіретін зауыт салу, (жарамсыз теріні өткізу үшін).
03 қаңтар 2024 ж. 246 0