№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жалағашта қызыл мия тамырын өңдеу зауыты іске қосылады

Жалағашта қызыл мия тамырын өңдеу зауыты іске қосылады



Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.
«Ауданымызда былтыр серпінді жобалар жүзеге асып, толайым тірліктер атқарылды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімін өндіру 166,7 пайызды құрап, 24 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Ал өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 100,1 пайызға артты. Жалпы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 115,0 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде, ауданға 11 млрд.839 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті саласында да оң серпін бар. Былтырғы жылдың қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 3084 бірлікті құрап, 20,7 пайызға өсті. Осыған сәйкес, нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысаны - 557 бірлікке артты. Одан бөлек, кәсіпкерлік саласын қолдауға арналған 446 жоба қаржыландырылып, 500-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, биыл ақпан айында қызыл мия тамырын өңдеу зауыты іске қосылады. Бүгінде Қытай елінен қажетті газ қондырғысының жабдықтары әкелініп, нысанның жылу жүйесі табиғи газ отынына көшірілді. Қазіргі таңда бұл зауытта 15 адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. Зауыт толық іске қосылса 60 адам тұрақты жұмысқа кіріседі», - деді аудан әкімі Асқарбек Есжанов.
26 қаңтар 2023 ж. 227 0