№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Смартфон” газет орнын алмастыра ала ма?»

«Смартфон” газет орнын алмастыра ала ма?»

Құрметті “Жаңақорған тынысы” газеті редакциясы! Төл басылымның өткен санында жарық көрген “Смартфон газет орнын баса ала ма?” деген “Көзқарас” алаңындағы өзекті ой-пікірлерге өзіндік көзқарасымды қосқым келеді.

Уақыт өте келе ғаламтор желі­сі дамыды. Енді ол бұрынғыдан тиімді бола түскен. Ауқымы да кеңейген. Онымен үйден шық­пай-ақ 5 минутта өзіңе қажетті ақпаратты таба аласың. Басты себеп осы. Жалпы, барлығы кі­тапханаға бармай-ақ кез-келген жерде интернет арқылы қажетті ақпаратты таба салғанды жөн көреді.
Қазір ғаламтордың дамыған заманы ғой. Әр баланың қолында бір-бір смартфон, планшеттен бар. Түртіп қалсаң іздеген дүниенің барлығы шыға келеді. Осы орайда оқушыларға өздерінің ой-өрісін кеңейтіп кітап оқуына мүмкіндік жасаңыз. Бұл – оларға мектептен тыс білім алуға жақсы мүмкіндік.
Оқушылар дене бітімі, зе­ректік, сезімталдық қасиеттері мен қабілеттері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Бір оқушының өз еркімен және жылдам үйренген бір дәрісі басқа оқушыға қиынға соғуы мүмкін. Басқа оқушы тез шаршауы мүмкін немесе сол мезетте сабақ оқуға ынтасы болмауы мүмкін.
Осы себепті әр бала уақытты өзіне ыңғайлап тағайындап ал­ғаны абзал.
Бір сағат сабақ оқығаннан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау пайдалы болады. Осы арқылы бір сағаттық сабақтың соңындағы тараған зейін мен өнімділік қай­та қалпына келеді. Сабақ оқуға қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін ойын-сауық пен спортқа да уақыт бөлу керек. Сонымен қатар, әлемдік ғалымдар мына әдісті қолданады.
Айталық, кассиль тәсілі – ба­ланы кітапқа қызықтырудың та­нымал әдісі. Бұл оқи алатын, бірақ кітап оқуға құлқы жоқ балаларға арналған. Кассиль тәсілі бойынша, ата-ана кітапты баламен бірге оқып бастап, қызық жеріне келгенде үй шаруасын сылтауратып баланы жалғыз қалдырып кетуі керек.
Кітаптың қызығын көрген бала оны соңына дейін оқып бітіретіні анық. Тағы бір мысал келтіре кетейін, балаға бір жолын, өзіңіз бір жолын оқып та қызықты­руға болады. Мұндайда бала үлкендерге көмектесіп жатқанын, өзінің маңызы бар екенін сезеді. Бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласын өз бетімен кітап оқуға үйрету арқылы болашаққа бағдар жол салатыны анық.

Аружан Ержанқызы,
Қорқыт Ата университетінің 1 курс студенті

28 қараша 2023 ж. 211 0