№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас шыбықты жақсылыққа бағыттау

Жас шыбықты жақсылыққа бағыттау


Міне, оқу жылы да аяқталуға жақын, алда ұзақ демалыс жалғасады. Осы орайда ұл-қыздар бос уақыттарын қалай тиімді өткізеді деген сұрақ туындайды. Бірақ, қазір ғаламтордың дамыған заманы ғой. Әр баланың қолында бір-бір смартфон, планшеттен бар. Түртіп қалсаң іздеген дүниенің барлығы шыға келеді. Осы орайда  оқушыларға өздерінің ой-өрісін кеңейтіп кітап оқуына мүмкіндік жасаңыз. Бұл – оларға мектептен тыс білім алуға жақсы мүмкіндік.
Оқушылар дене бітімі, зеректік, сезімталдық қасиеттері мен қабілеттері жағынан бір-бірінен өзгеше болып келеді. Бір оқушының өз еркімен және жылдам үйренген бір дәрісі басқа оқушыға қиынға соғуы мүмкін. Басқа оқушы тез шаршауы мүмкін немесе сол мезетте сабақ оқуға ынтасы болмауы мүмкін.
Осы себепті  әр бала уақытты өзіне ыңғайлап тағайындап алғаны абзал.
Бір сағат сабақ оқығаннан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау пайдалы болады. Осы арқылы бір сағаттық сабақтың соңындағы тараған зейін мен өнімділік қайта қалпына келеді. Сабақ оқу үшін қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін ойын-сауық пен спортқа да уақыт бөлу керек. Сонымен қатар, әлемдік ғалымдар мына әдісті қолданады.
Айталық, кассиль тәсілі – баланы кітапқа қызықтырудың танымал әдісі. Бұл оқи алатын, бірақ кітап оқуға құлқы жоқ балаларға арналған. Кассиль тәсілі бойынша, ата-ана кітапты баламен бірге оқып бастап, қызық жеріне келгенде үй шаруасын сылтауратып баланы жалғыз қалдырып кетуі керек.
Кітаптың қызығын көрген бала оны соңына дейін оқып бітіретіні анық. Тағы бір мысал келтіре кетейін, балаға бір жолын, өзіңіз бір жолын оқып та қызықтыруға болады. Мұндайда бала үлкендерге көмектесіп жатқанын, өзінің маңызы бар екенін сезеді. Бала тәрбиелеп отырған әрбір ата-ана баласының өз бетімен кітап оқуға үйрету арқылы болашаққа бағдар жол салатыны анық.
Еркебұлан ТӨЛЕУБЕКОВ
17 желтоқсан 2022 ж. 334 0