№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ұлттық мұра асыл қазынам

Ұлттық мұра асыл қазынам



Бүгін аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен аудандық агроколледж студенттері бүгін «ҰЛТТЫҚ МҰРА» партиялық жобасы аясында тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Шараға аудандық партия филиалының төрағасы мен аудандық мәслихат депутаты Лаура Бибасарова қатысты.
Ата-бабаларымыздың өмірін бейнелейтін орынды аралау барысында жастар музейдің сәулетті залдарында орналасқан, аса құнды тарихи-мәдени жәдігерлерді көрді. Қазақстанның ежелгі заманынан қазіргі кезеңіне дейінгі тарихынан мағлұмат алды. Әсіресе ауданымыздың тарихын, көрнекті ақын-жазушылардың өмір-баянын тамашалап, өздеріне мол мұра қабылдады. Осы тұста аталмыш музейдің әдіскері Құралай Дәрменнің әрбір жәдігерді таныстыру кезінде келешек маман иелерінің қызығушылықпен қызықтырып, мәліметтерді мұқият тыңдата алғаны үшін алғысымызды білдіреміз. «Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» дей отыра топ студенттері болашақта басқа да мұражайларға барсақ деген үлкен мақсатпен тарқасты.
12 желтоқсан 2023 ж. 493 0