№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көмір таппай ел дал, қызығын көрген делдал

Көмір таппай ел дал, қызығын көрген делдал

Арқаға алғашқы қар жауып үлгерді. Ауылдағы ел-жұрт күздің қара суығы сезіле бастаған бетте пешке от салған. Көп ел көмір сарайын толтырып алған. Қарағандыда былтырғыдай көмір сататын орындарда дүрбелең жоқ. Арнайы орындарда жеткілікті көлемде әзірлеп қойған. Алайда ауылдағы ағайынның қалтасын делдалдар қағып тұр. Қолдарын ысқылаған әлгі алыпсатарлар «апарған көмірімізді бәрібір алады, басқа көмір қайдан келсін?» деген пейілде. Шалғайда жатқан ел шынымен қысқы отынға қалай қол жеткізсін? Амалы жоқ, алады...

Қазір пеш жағатын жұрт «Шұбаркөлдің» көміріне әбден үйренген. Қызуы күшті, әрі сапалы. Халықтың дені алатын көмір – осы. Дегенмен компанияға елдің айтар уәжі бар. «Көмір қымбат» дейді. Шалғай ауылдарға жеткенше баға мың құ­былады. Осы бір тұсы ауылдағы ағайын­ды алаңдатады.
Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылын­да­ғы баға тіпті «ұшып» тұр.
– Жақында ғана үйге түсірдік. «Шұбар­көлдің» көмірі деп 29 мың теңгеден саудалады. Жылда «Шұбаркөлдікін» аламыз ғой. Бірақ бұл жолғы отынның сапасы ор­таша. Ауылға әкеліп сатты. 8 тоннасын алдық. Көмірдің үстінде отырып, осындай бағаға аламыз, амал жоқ. Ақтоғайдың басындағы арнайы базада саудалап жатыр деп естідік. 30 мыңнан. Сапасы күшті дейді. Техника жалдап әкеліп жатқандар бар. Техниканың өзі қымбат сұрайды. Ауыл жұр­ты 17 мың теңге төлеп әкетіп жатыр, – дейді Шабан­бай би ауылының тұрғыны Сағдат Ақбұзауов. 
Ал Шет ауданына қарасты Бұрма ауылында тұратын Қарлығаш Шәтекова қысқы отынның тоннасын 21 мың теңгеден алған.
 – Бізге 21 мың теңгеден әкеліп жатыр бір тоннасын. Жылда «Шұбаркөл» көмірін аламыз. Бұрынғы алып жүргендей емес, қызуы бар болғанымен, жаман көмірді ара­лас­тырып жібереді-ау деймін. Ірісінен ұса­ғы көп. Жеткізу бағасы – 5 мың. Тұмсық ауы­лында тұратын туыстарым көмірді сатып алуынан басқа 20 мың теңгені әке­ліп бер­гені үшін қолдарына ұстатқан. Қар­мыс ауы­лына 15 мың теңгеге жеткізеді. Ауыл ара­сы небәрі 10-15 шақырым ғана. Еріксіз аламыз. Қыстан шығуымыз керек қой, – дейді ол.
Дәурені жүріп тұрған «Шұбаркөл көмір» кенішіне ел сұрағын жолдаған едік.
«2023 жылы биржалық сауда-саттық қорытындысы бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме сатып алушы болып, «Көмір гарант» ЖШС анықталды. Биыл біз тұтынушылар үшін алып кету пунктін ашқан жоқпыз, «Көмір гарант» ЖШС-мен келесі елді мекендердің отын базаларында көмір сату туралы шешім қабылдады. Ол – Жезқазған қаласы (Ұлытау облысы), Жаңаарқа кенті (Ұлытау облысы), Осакаровка кенті (Қарағанды облы­­сы), Арқалық қаласы, Аманқарағай стан­сасы, Қостанай қаласы (Қостанай об­лы­сы). Көмір аталған отын базаларына темі­р­жол арқылы үздіксіз жеткізіледі. Осы­­лайша, осы өңір тұрғындарының «Шұ­­баркөл» разрезіне бармай-ақ және бір­­неше күн бойы көмір үшін кезекте тұр­май-ақ көмірді өз елді мекендерінен сатып алуға мүмкіндігі бар. «Шұбаркөл көмір» АҚ биыл тек Қарағанды облысы Нұра ауданы мен Ұлытау облысы Ұлытау ауданының тұрғындары үшін көмір алып кету алаңын ашты. Әкімдіктен машиналар тізімі алынды. Ұлытау облысының басқа аудандары үшін Жаңаарқа стансасының тұйық теміржолында отын базасы жұмыс істейді. Көмірдің сату бағасы – 13 мың 500 теңге. Қорғалжын кентінің тұрғындары көмірді Астана қаласынан сатып ала алады. Мұнда «Шұбаркөл көмірі» үш бөлшек сауда нүктесінде сатылады. Жылыту ке­зеңін­де Астанаға күн сайын 10-15 вагон көмір жеткізіледі. Қарағанды облысы Нұра ауданының теміржол стансаларынан (Бар­шын, Бестамақ, Жанбөбек, Қарақасқа, Құ­ла­н­өтпес, Талдысай, Тікенекті, Соналы және Нығман) алыс орналасқан кенттерінің тұрғындары үшін олардың елді мекендеріне барынша жақын қашықтықта қосымша отын базалары ашылатын болады. Бүгінгі таңда «Шұбаркөл көмірі» алаңындағы көмір­дің сату бағасы өзгеріссіз қалды – тонна­сына 8 мың 790 теңге»,  делінген «Шұ­бар­көл көмірі» АҚ баспасөз хатшысы Да­мира Қожахметова жолдаған ресми хатта.
Сонда  дейміз де, «Шұбаркөл» 8 мың 790 теңгеге «Көмір гарант» ЖШС-ға сатса, олар халыққа 13 500 теңгеден өткізсе, 21 мың, 29 мың теңге қайдан шығып отыр? Алыпсатар ұтып, әрине, халық ұтылып жатыр.
Рас, Үкіметтік органдар халықты қысқы отынмен қамтамасыз ету жұмыстарына ерте қамданады. Шілде айында Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде осы мәселеге қатысты брифинг өткен еді. Сонда спикер болған Ин­дус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты  Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев: «Қарағанды облысының көмірге деген қажеттілігі – 1 млн 156 мың тонна. Минис­трлік жүйелі шараларды қабылдап жатыр. Біріншіден, республика деңгейінде тиісті іс-шаралар жоспары әзірленіп, бұл жөнінде барлық әкімдікке жеткізілді. Екіншіден, көмірді автокөлікпен республика аумағынан әкетуге толық тыйым салынды. Бұл шешімнің негізгі мақсаты – алыпсатарлар санын азайту және болдырмау», – деген еді. Сол уақытта облыста көмір сатылатын 52 орын белгіленгені, олардың 20-сы Қарағандыда орналасқаны да сөз етілді.
Шалғай ауыл ғана емес, теміржол бойын­дағы станса тұрғындары да көмір­ді қымбатқа алып жатыр. Халық «Шұбаркөл­дің» бағасы шарықтап тұр деп шыр-пыр. «Шұ­баркөл» біздің баға арзан деп жауап қайы­рады. Сонда, бар айып алыпсатарда ма?
Айналып келгенде, ауылдағы ағайын­ның қалтасын қағып жатыр. Қампайған қалта әрине, делдалдікі.
 
Қарағанды облысы 
02 қараша 2023 ж. 191 0