№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазіргі көмірлер «китайский» болып кетті-ау, осы!

Қазіргі көмірлер «китайский» болып кетті-ау, осы!

    Бұрын-соңды газетке мақала жазып көрген емеспін. Дегенмен осы мақаланы жазуыма жақында көршіммен болған әңгіме түрткі болды. Көршіммен ара-тұра бір дастарханда басымыз қосылып, әңгіме-дүкен құратынымыз бар. Өткен-кеткенді еске алып, соңғы жаңалықтармен бөлісеміз. Сенбідегі басқосуда қысқа дайындық жөнінде ой тарқаттық.

– Шәке, ескіден қалған «Қыс қамын – жаз ойла» деген жақсы сөз бар. Мұны айтып отырғаным қазанға аяқ бастық. Қылышын суретіп келетін қыс жақын. Дайындығыңыз қалай? – деді көршім.
– Шүкір, қысқа дайындығымыз жақсы, – дедім.
– Қазіргі көмірлер «китайский» болып кетті-ау, осы! Өткен жылы КамАЗ-дан «Шұбаркөлдің көмірі, жылу жақсы» дегендіктен алғанбыз. Сөйтсек жануы жақсы болғанымен, тез өшеді екен. Қызуы да төмен. Үйдің іші қалай тез жылыса, солай тез суыйды. Содан болар көмірді жылдағыдан көп жақтық. 9 тонна кетті. Ұзын сөздің қысқасы, қолың көсеуден кетпейді. Сіздің үйіңіз қыс бойы бір қалыпты жылы болды. Қандай көмір жақтыңыздар? Соңы біз де алсақ, – деп маған қарады ол.
– Біз көмірді Жаңақорған кентінен алдырамыз. Кәсіпкер Пақырдин Тұрғанбаевтың отын базасынан таңдап жүріп көмір аламыз. Былтыр Қарағандының «Жалын» көмірін алдық. Көмір сапасы өте жақсы болды. Ұзақ жанады, майдаланып кетпейді әрі шоқ ұстайды. Бір қысқа 4,5-5,0 тонна шамасында көмір жағамыз, – деп жауап қаттым.
Жалпы елде көмір өндіретін кеніштер ондап саналады. Оның ішінде Қарағандының «Жалын» көмірінің орны бөлек. Сондықтан қыс жайлы өтуі үшін жақсы көмірді таңдағаны жөн. Ойыма осы қонды, әрі онымен бөлісуді жөн көрдім.

Шырынбек СЫЗДЫҚОВ,
Манап ауылы.
15 желтоқсан 2019 ж. 1 066 0