"Баспасөз - ұлт болмысының айнасы"
Жаңақорған ауданының 95 жылдығы мен "Жаңақорған тынысы" газетінің 90 жылдығына орай "Баспасөз - ұлт болмысының айнасы" атты республикалық конференция өтті.Конференцияға мәслихат төрағасы Ғ.Сопбеков, қоғам қайраткерлері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, жазушылар, зияулы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.
Алғы сөз "Сыр медиа" ЖШС-нің бас директоры Аманжол Сақыпұлына берілсе, келесі кезекте сөз
«Басылым бетінде Алаш қайраткерлерінің насихатталуы» тақырыбында Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлына,
«Аудандық газеттерде жарық көрген тұлғатану материалдардың танымдық маңызы» тақырыбында Гумилев атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Гүлжазира Құдайбергенқызына,
«Жаңақорған тынысы» газетінде әлеуметтік мәселелердің жазылуы» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетнің аға оқытушысы, баспа ісінің магистрі Аягөз Әбдразақоваға беріліп, мерейтойға құттықтау лебіздерін білдірді.