№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ауданның жетістігі – елдің қуанышы

Ауданның жетістігі – елдің қуанышы


Ауданымыздың құрылғанына 95 жыл және «Жаңақорған тынысы­на» 90 жыл толған мерекесі құтты болсын!
Өзіміз жырақта жүрсек те көңі­ліміз ел жақта. Атамекеннің әр­бір жақсылық-жаңалығына сүйсініп, іш­­тей тілектес болып отырамыз. Жаңа­­қорғаныдықтардың дәйім жүзі жар­қын, жыл сайын биікке өрлеген өрісті жетістіктері қуантады.

Ал, аудандық төл басылым – «Жаңақорған тынысына келсем, ол біздің балалық шақтан сүйікті газетіміз еді. Пошташының үйінен өзіміз барып алып, жазғандарымыз жарқ етіп шыға келер ме екен деп үмітіміз үзілмейтін. Газеттегі әрбір жазба көзімізге оттай ыстық. Онда еңбек озаттарының суреттері басылып, сол күннен бастап елге танымал болып шыға келетін. Ал тірлігіне жалқау, ісіне жүрдім-бар­­­дым қарайтындарды аяусыз ше­нейтін сын жебесі кеудесіндегі ар-ұяты барды жерге кіргізіп жіберер­­дей уытты болып келетін. Осын­­дай шыншылдығымен, әділдіктің жақ­таушысы бола алуымен жаңа­­лық жар­шысының жауынгерлері – тілші қауымның беделі биік болды. Газет бүгін де сол мінберінен түспей, елдің ең жақыны, жанашыры бола берсін деген ізгі тілегімді жеткізгім келеді.

Тынымбай НҰРМАҒАНБЕТОВ,
жазушы, ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты

21 қазан 2023 ж. 294 0