Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 557

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Еңбегім – туған еліме!

Еңбегім – туған еліме!


Қойнауы қазынаға толы, жері киелі, тарихы шежірелі Жаңақор­ған ауданы – Сыр өңіріндегі іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі екені белгілі. Тамыры терең, тарихы кенен ауданымыздың 95 жыл­дық мерейтойымен тұспа-тұс ке­ліп отырған халықтың рухани демеушісі, игі істердің хабар­шы­сы «Жаңақорған тынысы» га­зе­ті ұжымына да өз атымнан ал­ғысымды білдіремін.

Біз еңбек адамдары, ел еңсесі биік болуы жолында маңдай те­рімізді төгіп, аудан атын мәртебе­лі биіктерден танытуға мүмкін­ші­лік берген тағдырымызға дән ризамыз.
Ал біздің еңбек майданындағы әрбір жетістігімізді, табыстары­мыз­ды елге сүйіншілеп, рухани демеу болып отырған үнжариямыз – «Жаңақорған тынысы» дала қос­тарын да, шопан қыстауларын да тынбай кезіп, еңбек адамының ең жақын сүйеніші болды. Мен сол үшін құрметтеймін бұл газетті.
Төл газетіміз оқырманына ға­сырға жуық қызмет етіп, тар за­манның талайын басынан өт­кіз­се де жолынан жаңылмады. Жаңаша мазмұнды тақырыптарға, журналистік зерттеулерге, таным­дық мақалаларға тыңнан сүрлеу салынды. Бұл жұмыстарда газет қызметкерлерінің өзіндік орны, өзіндік жазу мәнері тарихта қа­лары анық.
Тоқсан­ның төріне көтерілген торқалы тойларыңыз құтты бол­сын!

Арапбек Әбиев, күріш өсірудің озаты,
Социалистік Еңбек Ері;

21 қазан 2023 ж. 389 0