Соңғы жаңалықтар

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылорда облысында 8 отбасы ата-ана құқығынан айырылды

Қызылорда облысында 8 отбасы ата-ана құқығынан айырылды



Қызылорда облысында сот үкімімен 8 отбасы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылды.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасайтын және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Бала-Заң-Қауіпсіздік» атты жедел профилактикалық шаралары өтті.
Нәтижесінде 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылып, 53 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін ұсталды.
«Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілінсіз үйінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 4700 баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-ана міндетін орындамаған 8 отбасы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 ата-ананың құқығы шектелді. Ал 5 жаөспірім облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатында білім алады. Тағы 2 жасөспірім Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына орналастырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.Ведомство мәліметінше, Қызылорда облысында арнайы рейд өткен. 
Сол арқылы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрісіне жол берілмейді.
15 қазан 2023 ж. 453 0