№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егін-жайдың жайы қалай?

Егін-жайдың жайы қалай?

Бірер күннен кейін қырман басындағы қызу тірлік түйінделіп, диқандар өнімдерін түгел жинап алады. Алты ай төккен тердің жемсін көретін күн де алыс емес. Ерте көктемнен басталған тіршілік, ала жаздай еткен еңбектің басы күзге дейін тіреліп, айға жуық егінші қауым қарекет етуде. Оған дейін дала еңбеккерлерінің жұмысын бір таразылап, мән-жайды сұрап алғанды жөн көрдік.

Жалпы ауданда ауыл шаруашылы­ғы өндірісімен айналысатын 781 ша­руашылық құрылымы болса, соның 460-ы егіннің күйін күйттеп жүр. Оның ішінде 234 шаруашылық негізгі өнім – күріш өсі­ріп отыр. 2023 жылдың 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша ауыл шаруашылы­­­ғы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 14 037,8 млн теңгені (101,4%) құрады. Нақты мәліметті ауылшаруашылығы жә­не жер қатынастары бөлімінен білдік.
– Үстіміздегі жылы аудан бойынша 35 715 гектарға ауыл шаруашылы­ғы дақылдары орналастырылды. Дәнді да­қылдардың көлемі (күріш, бидай, тары, жүгері) – 12 435 гектар болса, негізгі дақыл күріш – 7 903, мал азықтық дақылдар (жоңышқа, сүрлемдік жүгері) – 18 630, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) – 1 639 және картоп, көкөніс, бақша – 3 011 гаектарды құрады. 2023 жылға дайындалған 1975 тонна күріш тұқымының 1330 тоннасы Лидер, 645 тоннасы Сыр Сұлуы, АйКерім, Маржан сорты. Жалпы алғанда егін жайы жыл­дағыдай, межелі деуге болады, – деді бас агроном Даурен Абибуллаев.
Минералдық тыңайтқыштар мен гер­бицидтер қолдануға келсек. Биылғы жылдың егісі үшін 4 470 тонна минерал­ды тыңайтқыштар мен арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің 3 113 л/келі сатып алынған. Су жүйелерін тазалау жайлы сөз етсек.
– Облыстық бюджеттен 2023 жылы тазаланып жатқан каналдар бар. Қыр­кеңсе ауылдық округіндегі «ОК-1-3» су қашыртқысына 59,5 млн теңге, Байкенже ауылдық округінен «Дөң­бай» каналына 23,7 млн қаржы бөлінген. Бүгінде осы каналдарға «Табиғат» МКК-мен мемлекеттік сатып алу заңды­лы­ғы бойынша жеңімпаз мекемемен та­залау жұмыстары жүргізілуде. Су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу­дің жобалық-сметалық құжаттамасын әзір­леуге М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «К-2-6-1» су қашыртқысына 1,134 млн теңге, «К-2-6-2-1» су қашыртқысына 0,96 млн, Аққорған ауылдық округінде­гі «Р-16-2-1» каналына 1,2 млн және «Р-16-2» каналына 1,16 млн теңге қаражат бөлінді. Айта кететіні, насос қондырғылары бойынша барлығы 37 дана алынды. Облыстық табиғи ре­сурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 23 насос берілді. «Қазсушар» РМК филиалы арқылы 6 дана насос қондырғысы, ша­руашылықтар есебінде 8 дана су насос қондырғылары қондырылды, – деді бас агроном.
Енді техника және жанар-жағар майдың мөлшерін түгелдеп алайық. Өйткені, соң­ғы күндері жауын-шашын жаумай тұрып егінді шашпай-төкпей жинап ал­ған өте дұрыс болады. Аудан бойынша күзгі егін жинау науқанына 1082 тонна дизель отыны бөлінген. Жеткізіп беруші операторлар белгілі. «Жібек Жолы LTD и К» ЖШС – 332 тонна, бағасы 265 тең­ге, «Жаңақорған ОiI» ЖШС – 750 тонна, бағасы 264 теңгеден босатуда. Қазіргі таңда ау­дан шаруашылық құрылымдары 464 тонна дизель отынымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар күзгі егін жинау жұмыстарына 207 трактор, 70 комбайн, 41 жатка және 101 трактор тіркемесі толығымен қатыстырылуда екен.
Аудан бойынша егілген негізгі да­қыл күріш егісін жинау жұмыстарына тоқталар болсақ: биылғы жылы егілген 7 903 гектар күріш егістігінің 6 550 гектары жиналып, 5 900 гектары бастырылып, әр гектарынан 56,0 центнерден өнім алынуда екен. Сонымен қатар мал азығын дайындау бойынша да жұмыс жүйеленіп келеді. 2023-2024 жылдың қысқа түсетін ауыл шаруашылығы жа­нуарларына 183,5 мың тонна шөп, 37,0 мың тонна жем, 36,5 тонна сабан дайындау жоспары бекітілген. Бүгінгі күнге 184 мың тонна шөп, 34,0 мың тонна жем және 23,0 мың тонна сабан дайындалыпты. Жыл соңына дейін жос­пар толық орындалатын болады, – дейді жауапты сала мамандары.
Міне, әзірге егін жинау науқанының тіршілік тынысы осындай. Жерге дән тасталғалы аяқ судың тапшылығына алаңдайтын күрішші қауым биыл да осы тығырық­тан аман шығуды көздеді. Нәтиже жақсы, дегенмен жыл сайын су мә­селесі өте өзекті тақырыпқа айналып келеді. Шаруалар мүмкіндігінше әрта­раптандыру бағытына бой түзеп көр­мекші. Қалғанын уақыт көрсетеді.

Әли ТЕМІРБЕК

10 қазан 2023 ж. 260 0