Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Егіннің жайы қалай?

Егіннің жайы қалай?



2023 жылдың 1-мамырдағы мәлімет бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4 750,6 млн теңгені (100,5%) құраса, оның ішінде мал шаруашылығы 4732,4 млн-ды, егін шаруашылығы 6,6 млн теңгені құрады. Бұл
дегеніміз межеленген жүйе, енді егінжайдың ахуалын анықтап, әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелесек.

Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық құрылымдарының 460-ы егінмен айналысады. Оның
ішінде 234 шаруашылық күріш өсіріп отыр. Күріштің көлемі белгілі болды, биыл мал азықтары мен бақша дақылдарына басымдық берілуде. Сондықтан күріштен бұрын әртараптандыру бағытындағы атқарылатын жұмыстардан бастасақ.
Ол үшін аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаевпен байланысып, мән-жайды бағамдадық.
– Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын
орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік
маңызы бар азық- түліктермен өзін-өзі қамтитын болады. Бүгінгі таңға шаруашылық жетекшілерінің демеуімен 295 гектарға жуық егістік алқаптары шеңгел, жусандардан тазартылып, қоршалануда. Бұл жұмыстар мамыр айының аяғына дейін жалғасатын болады.
Қазіргі таңда дайындалған жерлерге 260 гектар картоп, бақша, көкөніс дақылдары егілуде, 31 гектары картоп, 95 гектар көкөніс, 134 гектар бақша бар. Талап ауылдық округінде тамшылатып суару әдісімен, «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 5 гектар қызанақ, жаңбырлатқыш
суару технологиясымен, Қожакент ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығында 30 гектар алқапқа жүгері, жоңышқа дақылдарды егілді.
– Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау қалай жүзеге асуда?
– 2023 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 4462 тонна, оның ішінде 4226 тоннасы азотты,
236 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар болса, қажетті гербицидтердің көлемі 3113 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар
тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 4465 тоннасы және 2846 кг/л гербицид сатып алынды. Яғни, жоба 82 пайызға орындалды.
– Техника және жанар- жағар майдың мәселесі қалай шешілуде?
– Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1 422 тонна дизель отыны бөлінді. «Жібек Жолы LTD и К»ЖШС – 524 тонна, «Жаңақорған ОiI» ЖШС – 898 тонна. Қазіргі таңда аудан бойынша 87 шаруашылық құрылымы бойынша 609 тоннаға арзандатылған
дизель отыны алынуда. Көктемгі дала жұмыстарына 207 трактор, 38 соқа, 28 дән сепкіш, 21 автомашина, 52 трактор тіркемесі толығымен
қатыстырылды.
Енді күріш бағытына бір сәт тоқталсақ. Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік графигіне сәйкес бүгінгі таңда
межеленген 8346 гектар күріштің 7428 гектары егіліп, 7151 гектар суға бастырылған.
– Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 35 насос қондырғылары бар.
Ауданда әртараптандыру бағытындағы күздік бидай, мақсары, жоңышқа, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру көлемдері өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары. Мал азықтық дақылдарының егіс көлемдерін су үнемдеу технологиясын қолдану жүзеге асырылуда. Жаңбырлатып суару әдісімен жоңышқа, жүгері, мақсары дақылдарының егіс көлемдері суарылуда, – деді бас аграном.
Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы саласын дамытуға баса көңіл бөліп отыр. Әсіресе, серіктестіктерді дамыту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды биыл тапсырған болатын. Оған 1 триллион теңге бөлінсе, бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын
қамтуы тиістігі де айтылды. Сондықтан, егін көлемін көбейтіп, мал шаруасын ширату маңызды мәселе.
Биылғы егістік көлемі мен меже айқын болды. Енді тек аяқ су мәселесі мазаны қашырмаса болды.
Мақсат – өнім көлемін көбейту. Бұл нарық бағасын тұрақтандыратын ең басты құрал. Қалғанын уақыт көрсете жатады, ең бастысы диқандар еңбегі еш кетпесе екен.

Әли ТЕМІРБЕК

24 шілде 2023 ж. 266 0