№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қамба дәнге толды

Қамба дәнге толды


Биыл Сыр өңірінде 188,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілсе, біздің бренд күріш өнімінің үлесі 78,6 мың гектарды құрады. Сәйкесінше, егілген егін көлемі өткен жылмен салыстырғанда 451 гектарға артық егілген. Бүгінде күрішке орақ салу науқаны аяқталуға жақын. Ал, жаңақорғандық диқандар өнімдерін шашпай-төкпей жинап алды. Ала жаздай төккен тер ақталып, қамба астыққа толды. Уақыт оздырмай дала еңбеккерлерінің тыныстіршілігін біліп, егіс даласын бағдарлап қайттық.


 Жалпы өңірдегі егілген әр гектардан орташа есеппен 53,5 центнер өнім алынуда. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев орылған күріш көлемнің 65,4 мың гектары бастырылғанын баяндады. Әлемдік нарыққа біздің күріш өнімі ғана емес, Сыр салысы да экспортталуда. Биыл 54,8 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 148,6 пайызға артты. Айта кетейік, биыл 60,0 мың тонна Сыр дәмі әлемнің 20 мемлекетіне эскпортталып, есепті кезеңмен салыстырғанда 157,0 пайызды құрады.
Жаңақорғанда 2022 жылға жоспарлы егілген 6072 гектар күріш дақылын жинау жұмысы толығымен аяқталды.Бұл жөнінде ауылшаруашылығы мамандары нақты мәлемет ұсынды.

– Жыл сайын қайталанып жүрген су тапшылығының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен сала мамандары тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде диқандар сыр маржанын егуді және суға бастыруды ерте көктемнен қолға алып вегетациялық кезеңнің соңына қарай орын алуы су жетпей қалу қаупін сейілтті. Осылайша толық пісімге ілінген күріш дақылының өткен жылмен салыстырғанда өнімділігі артып қазіргі таңда орташа есеппен әр гектардан 54 центнерден сыр маржаны алынды, – деді бас агроном Дәурен Абибуллаев.

Биыл Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілген су көлемі жеткілікті деңгейде болып барлық егістің вегетациялық кезеңі толық қамтамасыз етілді. Бұл үшін Сырдария өзенімен шекаралас болып табылатын көрші елдермен мемлекетаралық келісімдерді жүйелі жүргізген облыстық және республикалық деңгейдегі басшылық өкілдеріне диқан қауымның алғысы шексіз. Сонымен қатар 26-тамыздан басталған күріш жинау науқаны қарсаңында 10-11-ші қыркүйекте Елордада ұйымдастырылған Қызылорда облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде Жаңақорған ауданы, " Нұрбол И"шаруа қожалығынан жеткізілген күріштің сапалы " Лидер" тұқымы тұтынушылардың үлкен сұранысына ие болды.

Міне, біздегі жұмыстың жүйесі осылай қорытындылануда. Ең бастысы, егінші қауымның еткен еңбегі еш кетпеді. Биылда судан таршылық көрмей, егіс көңілдегідей көгерді.
11 қазан 2022 ж. 861 0