Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гипстен табыс тауып отырған келіншек

Гипстен табыс тауып отырған келіншек


Кәсіпкерлікпен айналысудың сан жолы бар. Ең бастысы, кез келген адамда өзіне деген сенім мен еңбекке деген ынта қажет. «Жұмыс жоқ», «Жұмысты қайдан табамын» деп қол қусырып отыратын уақыт өтті. Тіпті, үйде отырып-ақ қыруар қаржы табуға болады. Кейден ауылындағы сапарымызда ауыл әкімі ауласында гипстен тапсырыс бойынша мүсін жасайтын шеберіміз бар деп таныстырған келіншектің отбасына арнайы бұрылдық.


Бұл Гүлжайна есімді көпбалалы ана отбасылық табыс көзін арттыру мақсатында гипстен түрлі сувинер мен кәде-сыйлар жасауды жанына серік етіпті.
– Өзім әуелі үйде отырып түрлі тәттілер жасап, аздап кәсіп көзі­не айналдырдым. Мектеп қабыр­ға­сында оқып жүрген кезімде анам­нан үйренгенім ғой, бәліш, кекс, нан пісіретінмін. Есейген соң, қызығу­шылығым арта түсіп, әр түрлі торт пісіріп, тәжірибе жинақтадым. Ал­ғашқы тапсырыс берушілеріміз де үйге келген қонақтардың қатарынан табылды. Содан басталған кәсіп бұл. Міне, осылайша торттар мен қолдан әзірлеген бәліштеріме туыстарымнан тапсырыс түсе бастады. Солай бұл істі дамытып, түрлі тәттілерді пісіруді кәсіп көзіне айналдырдым. Бірақ, соңғы 1 жылдан бері осы гипс өнерін әлеуметтік желіден үйреніп алып, өз бетімше мүсіндер жасай бастадым. «Адамның істегенін адам істейді» емес пе, ата-енем, бала-шағамызбен қосылып берекелі тірлік етіп отырмыз, – дейді кәсіп иесі.
Иа, бүгінде еңбегін әлеуметтік желі арқылы пұлдап, еліміздің әр аймағынан тапсырыс қабылдап отыр­ған келіншектің ісі көз сүйсінтеді. Астана, Алматы, Ақтау сынды үлкен қалаларға 400-500 данадан жіберсе, аудан халқы 70-80 данадан тапсырыс беретінін байқадық.
– Әлбетте, қолөнер кәсібі өте төзімділікті қажет етеді. Тапсырыс берген әрбір тұтынушының талғамына сай дүние жасау үлкен жауапкершілік. Сондықтан, қолым қалт етсе болды ізденіс үстінде жүремін. Ең бастысы, тұтынушыларым бар, сапаға мін айтқанды көрмедім. Осы кәсіпті болашақта үлкен деңгейге көтеріп, өзімнің цехымды ашып, отбасылық бизнес ретінде дамытсам деймін. Жоспар көп, тек уақыт қажет. Кәсібіміздің берекесін көріп, елге осылай қызмет етсек соның өзі бізге жетіп жатыр, – дейді кәсіпкер.
Кейіпкерімізбен әңгімелесу бары­сында, болашақта жүзеге асыратын жоспарының аз еместігін білдік. Қолға алған жұмысын жандандырып, өзінің қазіргі кәсібін одан әрі дамытқысы келеді. Адал еңбегінен бақыт таба білген Гүлжайна Баймаханова алдағы кәсібі ілгері домалап, жетістіктері мен бағындырар шыңдары көп болсын деп тілейміз.


Әсел КЕҢЕС

27 желтоқсан 2023 ж. 297 0