Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 545

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысында «синтетика» тасымалдаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында «синтетика» тасымалдаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Осы шаралардың нәтижесінде 16 желтоқсанда Ақтөбе қаласынан Байқоңырға дейін 5,66 грамм көлеміндегі аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі – мефедронды заңсыз иемденіп, тасымалдаған азаматша ұсталды.
Күдіктіге қатысты сот шешімімен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары есірткіге қарсы күресті күшейту мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Бұл жағдай қоғамның қауіпсіздігі мен жастардың болашағын қорғау жолындағы кезекті қадам екенін атап өтуге болады.
25 желтоқсан 2024 ж. 212 0