ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖІГІТ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ
Қызылорда қаласының тұрғыны 25 жастағы Қанат Тасберген 60-қа жуық адам тұратын үйдегі өртті сөндіріп, ерлік көрсетті. Оқыс оқиғаның алдын алып, қызыл жалынның таралуына жол бермеген оның бұл әрекеті көзсіз батырлықты талап етеді.
Өзгенің өмірі үшін өз басын тәуекелге тіккен Қанат Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
«Мен осы тұрғын үйде жұмыс істеймін. Кезекті жұмыс күнімде сол маңнан өрт шыққанын естіп, жүгіріп бардым. Мен барғаннан кейін өрт көлемі үлкейіп кетті. Балкондағы бар заттарды төменге лақтыра бердім. Ұзамай өрт сөндірушілер келіп, төменге түс деп нұсқама берді. Бірақ бар ойым жалынды өшіріп, балкондағы тез жанатын заттардан тазарту болды. Өрт сөнгеннен кейін төменге түссем халық фото-видеоға түсіріп, қошемет көрсетіп жатыр екен. Мен бұл ісімді ерлікке баламағандықтан ол жерден тез кетіп қалуды ойладым. Менің орнымда кім болса да солай жасар еді. Қолдан келіп тұрса көмек бергенге не жетсін?!», - деді Қанат Алматұлы.
Еске сала кетсек, оқиға 21 қыркүйекте Шұғыла мөлтек ауданындағы №15 көпқабатты үйде болған. Екінші қабаттағы пәтердің жанып жатқанын естіген 25 жастағы жігіт еш ойланбастан балкон арқылы төбеге көтеріліп, өртті өз күшімен сөндіреді. Осы арқылы қызыл жалынның таралуына жол бермей, адам өміріне төнген қауіптен сақтап, оқыс оқиғаның алдын алды. Жеке мекемеде сантехник болып еңбек ететін ол бокстан спорт шеберлігіне үміткер.