Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Білім күнінде ғалымға құрмет көрсетті

Білім күнінде ғалымға құрмет көрсетті



Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов 1-қыркүйек Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына орай №169 мектептің салтанатты жиынына қатысып, оқушылар игілігі үшін жасаған жанашыр жандардың ісіне ризашылығын білдірді.
Білім күніне арналған салтанатта алғы сөз алған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы:
– Сіздерді Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Әрине, әрбір жаңа оқу жылының басталуы – ұлағатты ұстаз, мектеп табалдырығын аттаған оқушы мен олардың ата-аналары үшін қуанышты әрі жауапты сәт. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлан-ғайыр еңбекті талап ететін жауапкершілігі ауыр да салмақты сала.
Биылғы оқу жылын мемлекеттік мектепте 19 600 оқушымен бастау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1744 бала бірінші сыныпқа қабылданатын болады. 2023 жылдан бастап бастауыш сыныптарда оқитын 5488 бала және түрлі әлеуметтік санатқа жататын 5-11 сыныптар аралығындағы 3094 бала ыстық тамақпен қамтылады. Сонымен қатар, биыл балаларды мектепке тасымалдау үшін 4 автобус бөлінді. Қымбатты оқушылар! Тәуелсіз еліміздің игілігі жолында сапалы білім алуға асығып, болашақта озық ойлы, өрісі кең азаматтар қатарынан болатындарыңызға сенемін, – деді.
Алғашқы қоңырау салтанатты шарасына арнайы келген экономика ғылымдарының докторы, прфессор Әлия Мұхамеджанова да өзі түлеп ұшқан алтын ұясына деген ыстық лебізін жеткізді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жасөрендер үшін алғашқы қоңырау соғу салтанатты рәсімі өтті. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы бірінші сынып оқушыларымен бірге мектепке кіріп, алғаш рет оқу аптасына жайғасқан оқушыларға құттықтау сөзін айтып, сұрақтарына жауап берді.
Одан соң, осы мектепте орта білім алған химия ғылымдарының докторы Сабира Мұхамеджанованың құрметіне химия кәбинетіне есімі берілді. Осы кәбинетте бас қосққан игі жақсылар дарынды жерлесіміздің адами қасиеттері мен жеткен жетістігін сөз етті. Өмірлік жолдасы, саяси ғылымдардың докторы Есенжол Алияров та Сәбира Мұхамеджанованың ел біле бермейтін асыл қасиетін сөз ете келе, арнайы кабинетке есімін беріп отырған мектеп ұжымына, барша жаңақорғандықтарға ризашылығын айтты.
Айта кетейік, ауданымызда 2023 жылдың 1 тамызынан бастап 2807 балаға киім - кешек және оқу құралдарын алу үшін бір реттік көмек берілсе, демеушілердің есебінен «Мектепке жол» акциясы аясында 700 балаға қажетті оқу жабдықтары берілді.
Мақпал МАРҚАБАЙ
01 қыркүйек 2023 ж. 106 0