№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партияның мақсаты – елдің даму жолында

Партияның мақсаты – елдің даму жолында


Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі Ақмарал Маликова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингте партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан шараларды баяндады. Екінші мәселеде депутаттық мандатты алғаннан бергі төрт айдан астам уақытта атқарған жұмысына есеп берді.


«AMANAT» партиясы әрқашан қоғамдық-саяси үдерістердің бел ортасында жүр. Түрлі көзқарастар мен ой-пікірлердің тоғысатын, үндесетін алаңына айналды. Ортақ құндылықтармен, ұлттық мүддемен және бір болашақпен біріккен қоғамды қалыптастыруға жұмыс жасауды мақсат еткен. Сондықтан бұлжымас қағидаларын, саяси мақсаттары мен заманауи бағыт-бағдарын айқындады. Осы орайда, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының атқарар рөлі артты. Ағымдағы жылы өткен сайлауда депутаттық корпустың құрамы 73,3% жаңарды, ал аудандық маслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясында 10 депутат бар.
Осындай жаңа құраммен жасақталған фракция мүшелерінің сайлаушыларымен кездесіп, олардан түскен ұсыныс, талап-тілектері мен қозғаған мәселелері бойынша іс-әрекет жасауы басты назарда. Ортақ мүдде мен міндеттің бірі – партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға атсалысу.
Жол картасы бағдарламасын іс жүзінде тиімді іске асыру үшін өз округінің «Аймақ экономикасын дамыту», «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру», «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» секілді 5 бағытқа топтастырылған бағдарламадағы барлық іс-шаралардан тыс қалмауын қадағалауды бағытқа алады.
Осы тақырыптар аясында есеп берген аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Маликова нақты жұмыстарды жүйеледі.
Көктөбеде ауылдық әкімдігі, клуб үйі мен кітапхана тозығы жетіп, оны жарамсыз деп таныды. Облыстық мәдениет және спорт басқармасына құжаттар өткізілген, алдағы сессияда қаржы қаралса, құрылысы басталады. Ал, Аққұм ауылының электр жарығын КРЭК-тің меншігіне өткізуге жұмыс жасалынуда. Көшеге асфалть төсеу де биыл қаралуда. Кейденде газ жүргізілуде, жыл соңына дейін көгілдір отынды пайдалануға берсе, келесі жылы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары бастау алады.
Сонымен қатар, Қожамберді ауылдық округінде де біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ауылдағы ауыз суға реконструкция жүргізілуде.
Санатория аумағындағы М.Дәруіш, Б.Ысқақов көшесі толықтай асфальттанды. Н. Қалилаев, Т.Ысмайлов, Ә. Мұхамеджанов және И.Ысқақов көшесіне тас төселінді. Әрі трансформаторлары жаңартылып, бағаналары ауыстырылды. Енді ойын алаңқайының жері белгіленіп, алдағы сессияда қаржысы бөлінетін болады. Алтынсарин тұрғындары тарапынан қоқыс жәшігі сұралған болатын. Аудан бойыншы 70 контейнер қаралса, соның 15-і сол аумаққа қойылатын болады.
Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау тармағы бойынша, үйде мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы аналарға мемлекеттік қолдау көрсету, сол балаларын мүгедектікке шығаруға жұмыс жасалуда. Қоғамдыққа жұмысқа кенттің өзінде бірнеше адам тартылды.
Ақмарал Маликова "AMANAT" партиясының "Мектепке балаларды даярлайық" жобасы аясында Кейден, Көктөбе, Қожамберді, Аққұм және Қауық елді-мекенінен 12 балаға, Алтынсарин мөлтек ауданының 10 баласына жаңа оқу құралдарын табыстады. Елді-мекендегі жасөрендер халықтың қалаулысы, елдің іскер анасы Ақмарал Маликовамен жылы шыраймен сәлемдесіп, бір дастархан басында әңгіме өрбіткен еді.
Алдағы уақытта тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың өзекті мәселелері, экономиканың өсу қарқындарын жетілдіру, елді мекендер инфрақұрылымын әрі қарай дамыту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, өзге де мәселелер әрқашан депутаттық фракцияның басты назарында болатынын тілге тиек етті.

#AMANAT
29 тамыз 2023 ж. 243 0