№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсат айқын, мүдде ортақ

Мақсат айқын, мүдде ортақ


Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Лаура Бибасарова партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан шаралар мен мандатты иеленгеннен бергі төрт айдан астам уақытта атқарған жұмысына есеп берді.
Осы жылы өткен сайлауда депутаттық корпустың құрамы 73,3% жаңарды, ал аудандық маслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясында 10 депутат бар. Осындай жаңа құраммен жасақталған фракция мүшелерінің сайлаушыларымен кездесіп,олардың қозғаған мәселелері бойынша іс-әрекет жасауы басты назарда.
Оның ішінде өз округіңнің «Аймақ экономикасын дамыту», «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қолжетімділігін арттыру», «Әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау» және «Экологиялық жағдайды жақсарту» секілді 5 бағытқа топтастырылған бағдарламадағы барлық іс-шаралардан тыс қалмауын ескерген жөн.
Міне, осы тақырыптар аясында бірінші болып есеп берген аудандық мәслихат депутаты Лаура Бибасарова Төменарық ауылдық округі бойынша табиғи газдың жүргізілу жұмысы осы күні 50-60 пайызға атқарылғанын, аяқсу мәселесі бойынша көрші ауыл әкімдерімен, қауымдастық өкілдерімен кездесіп арнайы жоба аясында жұмыс жүргізу мәселесі қаралып жатқанын, сондай-ақ күрмеуі 20 жылдан бері шешілмей келе жатқан ауылдық аурухана құрылысына келісім алынғанын, ауылдың 10 көшесіне асфальт төсеуге аудандық бюджеттен қаржының бөлінгенінен хабардар етті. Сонымен қатар мектеп интернаттың мүшкіл жағдайы жөнінде күні кеше ауданымызға келген облыстық мәслихат депутаты Бақдәулет Еркінбекұлын да хабардар етіп, ықпал етуіне жұмыс жасалма деген өтінішін де жеткізген. Енді жарықтандыру мәселесі бойынша алдағы сессияға жоба ұсынып, қолдау тапса ауыл үшін жасалған игілікті шара болатын еді деп түйіндеді.
Ал Жайылма ауылы бойынша өзекті деген проблемадан бастаған депутат ауылдағы балабақша мәселесін алға тартты. Бұл жөнінде келесі айда облыс тарапынан арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізілетін айтты. Одан әрі балалар ойын алаңына демеушілік негізде сметалық жоба жасалып, алдағы сессияда қолдау табады деген үмітте. Тағы да ағаштарды суару үшін құдық қаздыруға және екі көшеге тас төсеуге бюджетке өтінім берілгенін айтты. Ауылда газ тарту жұмысы 30 -40 пайызға жүргізілгенін, алдағы уақытта бұл жағдай қатаң бақылауда болатынын тілге тиек етті.
Ал әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау тармағы бойынша жастар арасында жұмыспен қамтуды арттыру үшін қос ауыл бойынша: Жастар практикасына -1, әлеуметтік жұмыс орындарына -7, Қоғамдық жұмысқа – 15 жас жолданғанын қоса айтты.
28 шілде 2023 ж. 314 0