№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПОЛИСТИРОЛБЕТОННЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП

ПОЛИСТИРОЛБЕТОННЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП


Заман көшіне сай құрылыс саласы қарқындап, инновациялық жобалар жүзеге асып, соның нәтижесінде сапалы әрі тиімді құрылыс тауарлары кәдеге жаратыла бастады. Соның бірі – полистирол бетон деуге негіз бар. Жап-жас жігіттің аядай ғана ауласынан ашылған жаңа жобанының жұмысын көзбен көру үшін арнайы полистиролбетон блоктарын өндіру цехына ат басын бұрған едік.


Ерекше құрылыс материалын шы­ғарып жатқан «Өркен» жеке кәсіп­керлігі полистирол бизнесіне үлкен ізденіспен келді. Құрылыс саласында отыз жылдай қызмет еткен Сәкен Әбсаттарұлы өзінің жаңа үйі­нің құ­рылысын бастағанда қабырғасын қан­дай материалмен өру керектігін заманауи көзқараспен ойластырыпты. Осылайша, жаңа технологияны зерттеп, зерделеп полистирол бетонға деген қызығушылығы ояныпты. Әскердегі ұлы оралғанша Ресейдегі мықты мамандармен байланыс жасап, шағын цехті сатып алуды жөн санайды. Алғашқы бетондарды арнайы инструк­циямен қайта-қайта жасап көріп, сыннан өткізеді. Ақырында ең сапалы, әрі жеңіл бетондарды құрылыс жұ­мысына айналдырады. Мұның қар­жылай тиімділігін көрген жерлестер шағын цехтың ашылуына ықпал етеді. Осылайша, анасы Ләззат Сыздықова­ның атынан 2022 жылы «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы төмендетілген пайызбен 14 млн теңге несие алады. Бүгінде қуаттылығы айына 35 000 дана полистиролбетон блоктарын өндіріп, жаңа жобаны жүзеге асыруда. «Өркен» жеке кәсіпкерлігі 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Полистирол бетон деген не? Бір сөзбен айтсақ, жеңіл бетонның бір түрі-композициялық материал, оның құрамына портландцемент, кеуекті аг­регат – көбік полистирол түйіршіктері, германиялық фибра талшығы, су, сондай-ақ ауа тартатын қоспа кіреді. Полистирол түйіршіктері мен жылу оқшаулағыш материалдың бір өнімде үйлесуі арқылы құрылыс материалы үшін сипаттамалардың оң­тайлы үйлесімін алуға болады. Шірік­ке төзімділік, гидрофобтылық, тасы­малдаушы өнімділіктің ең жоғары көрсет­кіштері, жылу оқшаулау, өрттен қорғау, дыбысты сіңіру, аязға төзімділік және мұздату кезеңдерінен өтеді .
Полистирол бетон қабырғаларды, едендерді, шатырларды, оқшаулау ре­тінде қаңқалық ғимараттардың қоршау конструкция­ларында, тірек қабырға­лары мен бөлімдерінде қолданылады, құрылыс блоктары мен қасбеттік сәндік оқ­шаулау панельдерін, монолитті құюға арналған сұйық ерітіндіні өндіру үшін қолданылады. Полистирол бетон жақсы құрылымдық беріктікке ие. Полистирол бетон блоктары бетонның беріктігі және полистирол көбігінің артықшылықта­рын біріктіреді. Жылу оқшаулау ретін­де кеңінен қолданылады. Полистирол толтырғышы бар бетон блоктары құрылыс сапасымен танымал болды. Бұл олардың тұрғын үй салу кезінде ерекше құнды қасиеттер жиынтығына байланысты. Сондықтан өнімнің белгі­ленген талаптарға сай келетіндігін анықтау өте маңызды. Бұл мақалада біз полистирол бетонның не екенін саралап, одан ең көп таралған өнімдерді қарастырамыз.
Полистирол бетон-жеңіл бетонның бір түрі. Ол басқалардан құрылымы­ның ерекшелігімен, сапа көрсеткіштер­імен және кейбір технологиялық про­цестермен ерекшеленеді. Болашақ өнімдерге арналған қоспа – бұл бетон мен полистирол чиптерінің үйлесімі. Сон­дай-ақ, сабынды шайыр және болашақ өнімдердің сипаттамаларының сандық мәндерін арттыруға қабілетті басқа да қоспалар қосылады. Құрамында жеңіл полистиролдың болуы мате­риалдың төмен салмағын және жылу оқшаулаудың жоғары қабілетін қам­тамасыз етеді. Бетон, өз кезегінде, материалды тығыз, берік және әртүрлі әсерлерге төзімді етеді.
«Өркен» жеке кәсіпкерлігінің же­тек­шісі Өркен Әбсаттар бұл материал­дың Алматы қаласында ғана өндірілетінін сөз етті.
– Біз бұл өнімді кемі 3 жылдай зерттедік. Қазір осы өнім Алматы қала­сында ғана шығады. Біздің цехымыз екінші болып ашылуда. Біз Ресейдің технологиясымен ашып жатқандықтан сынама нәтижесі өте сапалы болды. Яғни бұл блок 17 кірпіштің көлемін берді. Әрі қажетті көлемде тұтынуға жарайды. Жарылмайды, сынбайды, жер сілкінісі кезінде төзімділігі жоғары. Үгітіл­мейді, су өткізбейді, дыбыс сақтайды, –деді.
Көз алдымызда бір блокты темір балғамен ұрып, әрі-бері сілкілеп, су бүркіп түрлі сынаққа салды. Нәтижесін­де шағын блоктың шлакаблоктардан әлдеқайда сапалы екеніне көз жеткендей болды. Жаңақорғанда осы өніммен 6 үй тұрғылып үлгерген. Соның бірі Түгіскен ауылының тұрғыны Әбсаттар Жұма­нов үй құрылысына кеткен қаражатты қарапайым тілде түсіндіріп өтті.
– Біздің өңірден осындай тамаша өнім өндіріліп жатқанына қуаныштымын. Қазір құрылыс заттары өте бағалы. Біз осы өнімді сатып алу арқылы қолжетімді бағада үй қабырғасын тұрғыздық. Өте сапалы, сырттағы оқыс дауыс мүлдем естілмейтін болды. Әрі ыза өтпейді. Бір блоктың қалыңдығы 30 см болғанымен, бір метр кесектің сапасындай жылуға берік болады. Қыста өте жылы, жазда салқын. Тіпті, тышқан тесіп, құмырсқа өрмейді.Бұдан артығын таптайсыздар, – дейді ол.
Міне, бір жылға жетпейтін уақытта алыс-жақыннан сұраныс жасап жат­қан­дар аз емес. Десе де, өзіміздің өнімнің беделін көтеріп, көпшілікке сүйіншілеуді жөн санадық.

Мақпал МАРҚАБАЙ


22 тамыз 2023 ж. 314 0