№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУДАНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қызылорда облысының аумағында есірткі қылмыстармен күресу және алдын алу бағытында «Есірткісіз аймақ» жобасы бірлескен іс-шара жоспары бекітілген.

Бұл ретте жоба аясында бекітілген жоспарды іске асыру мақсатында Жаңақорған ауданының прокуратурасының бастамасымен жұмысшы топ құрылып, аудан көлемінде атқарылатын іс-шара жоспары нақты айқындалып, бекітілді.
Жұмысшы топтың құрамына прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы орган, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар және телекоммуникация қызметкерлері енгізіліп, әрбір органның міндеттері белгіленді; іс-шараның басым бөлігі профилактикаға бағытталды.
Ауданға қарасты жалпы 24 ауылдық округ және оның ішінде 2 кент 4 аймаққа бөлініп, электронды ғарыштық түсірілім арқылы алдын-ала жүргізілген мониторинг нәтижесімен, есірткі өсімдігін егуге табиғи ерекшелігі мен жер құнарлығына қолайлы, су алқаптарының жақын орналасуы жағынан қолайлы аумақтар белгіленді.
Жүргізілген жұмыстардың барысында бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап көрсеткенде, 07.08.2023ж. белгісіз тұлғалар адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылының батыс жақ беткейінде «Сасықкөл» көлінің жағалауында өзіне тән өткір иісі бар, сора тұқымдас 52 түп есірткі өсімдігін баптап, өсіргені анықталды.
Осы есірткі өсімдіктерін екені үшін «К» және «Ж» есімді аудан тұрғындары ұсталып, ҚПК-тің 128-бабының талаптарына сәйкес қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы тектес, 08.08.2023ж. Жаңақорған кентінен батыс бағытқа қарай Сырдария өзенінің жағасында, белгісіз тұлғамен 90 түп өсіруге тиым салынған сора тұқымдас өсімдік баптап өсірілгендігі анықталып отыр.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 300-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Құрметті аудан тұрғындары, есірткі қылмысымен күресу және оның тарауына тосқауыл қою барлығымыздың міндетіміз болып табылады.
Осыған орай, есірткі затын егу, сату, қолдану және басқада фактілермен мәліметтер білген болсаңыз «102» немесе 22-1-16 нөміріне хабарласып, ақпарат ұсынуларыңызды сұраймыз.

Жаңақорған аудандық прокуратурасы.
17 тамыз 2023 ж. 199 0