» » NIS оқушысы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі және «Қамқор жүрек» марапатын иеленді

NIS оқушысы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі және «Қамқор жүрек» марапатын иеленді



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Петропавлдағы NIS оқушысы Аслан ГималетдиновтіТөтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады. 15 жасар Аслан батылдық танытып, батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалды.
– Еліміздегі азаматтық қорғау ұйымдары әрқашан Аслан секілді қайсаржандарды күтеді. Оның ерлігі сөзсіз құрметке лайық. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай батырларды назардан тыс қалдырмайды. Ал орын алған оқиға жылдың кез келген мезгіліндесудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін дәлелдеп отыр, – деп атап өттіСырым Шәріпханов.
Сондай-ақ NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқушыға «Қамқор жүрек» марапатын табыстады.
– Асланның ерлігі NIS құндылықтарын айқын көрсетеді. Білім мен тәрбиені ұштастырған«Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында да шәкірттеріміз көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып жатады.Зияткерлік мектептер адамзат пен қоршаған ортаға қамқор бола алатын оқушыларды тәрбиелеуге әркез күш салады, – деді Әнуар Жанғозин.
NISжәне ТМЖ өкілдері Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек азамат тәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдіріп, жас құтқарушыға естелік сыйлықтар табыс етті.
– Қалада велосипедпен серуендеп жүргенде көмекке шақырған балалардың даусын естіп, біреудің батыпжатқанынтүсіндім. Ойланбастан жүгіріп барып, суға сүңгіп, баланы жағаға алып шықтым, – дейді Аслан.
Аслан Гималетдинов – мектептегі белсенді балалардың бірі, өз ісіне жауапты, замандастырының арасында сыйлы. Ол текбілімімен ғана емес, музыкажәне спорттағыжетістіктерімен көзге түсіп үлгерді. Домбырада шебер ойнайды, волейболмен айналысады.
18 шілде 2023 ж. 118 0