Соңғы жаңалықтар

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Елдегі күріш қоры ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті

Елдегі күріш қоры ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті



Елімізде биыл 99,8 мың гектар күріш егілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,4 мың гектарға артық. Өңірлердің бөлінісінде ең үлкен алқап Қызылорда облысында - 88,1 мың га, қалған облыстарда егістіктер келесідей бөлінді: Алматы облысында 7 мың га, Жетісуда 1 мың га, Түркістан облысында 3,7 мың га, деп мәлім етті ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен. Жоспарланып отырған егінді жинау қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін толығымен жабады, сондай-ақ экспортқа қажетті көлемді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, күріш жармасының қоры 60,4 мың тоннаны құрайды. Бұл қыркүйекте жаңа егін жиналғанға дейін ішкі тұтыну қажеттерін жабу үшін жеткілікті. Айта кетейік, биыл күрішті 2022 жылмен салыстырғанда көбірек жинау жоспарланып отыр. Тиісінше, жарманың тапшылығына байланысты бағаны өсіруге объективті себептер жоқ. Алайда, бағаның өсуіне сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін (басқа елдердегі егіннің болмауы, экспорттың жоғары сұранысы және т.б.). Маусым айында Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізілді. Оның қорытындысы бойынша әкімдіктер мен ӘКК белгіленген бағамен 6,7 мың тонна күріш жеткізуге келісім-шарттар жасады. Бұл көлем еліміздің барлық өңірлеріндегі ірі сауда желілері, әлеуметтік дүкендер және ӘКК-нің меншікті нүктелері арқылы сатылатын болады.
07 шілде 2023 ж. 241 0