Соңғы жаңалықтар

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңақорғанда күріш жинау науқаны межесіне жетті

Жаңақорғанда күріш жинау науқаны межесіне жетті



Жаңақорған ауданында 2022 жылға жоспарлы егілген 6072 гектар күріш дақылын жинау жұмыстары 3 қазан күні толығымен аяқталды.


Жыл сайын қайталанып жүрген су тапшылығының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен сала мамандары тарапынан жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде диқандар сыр маржанын егуді және суға бастыруды ерте көктемнен қолға алып вегетациялық кезеңнің соңына қарай орын алуы мүмкін су жетпей қалу қауіпін сейілтті. Осылайша толық пісімге ілінген күріш дақылының өткен жылмен салыстырғанда өнімділігі артып қазіргі таңда орташа есеппен әр гектардан 54 центнерден сыр маржаны алынды.

Биылғы жылы Сырдария өзенінінің төменгі ағысына жіберілген су көлемі жеткілікті деңгейде болып барлық егістің вегетациялық кезеңі толық қамтамасыз етілді.Бұл үшін Сырдария өзенімен шекаралас болып табылатын көрші елдермен мемлекетаралық келісімдерді жүйелі жүргізген облыстық және республикалық деңгейдегі басшылық өкілдеріне диқан қауымның алғысы шексіз.

Сонымен қатар 26 тамыздан басталған күріш жинау науқаны қарсаңында 10-11 қыркүйекте Елордада ұйымдастырылған Қызылорда облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде Жаңақорған ауданынан "Нұрбол И" шаруа қожалығынан жеткізілген күріштің сапалы "Лидер" тұқымы тұтынушылардың үлкен сұранысына ие болды.


06 қазан 2022 ж. 684 0