№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлттық домбыра күнінде «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады

Ұлттық домбыра күнінде «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады

Астанада AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күніне орай «Dombyra Party» іс-шарасын ұйымдастырып, «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады деп хабарлады turkystan.kz.


«AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек домбыра – ұлттық мәдениетіміздің, руханиятымыз бен өнеріміздің алтын қазынасы екенін атап өтті.
«Қазақ бар жерде – қасиетті домбыра, домбыра бар жерде – ұлы қазақ халқы бар. Он тоғыз перне, қу шанақта халқымыздың жаны, мұңы, зары, қуанышы мен жұбанышы, тарихы мен танымы сыйып тұр. Оның екі ішегінде екі әлемнің әуені, екі дүниені тербейтін қуат бар. Рухымызды биіктететін, айбынымызды асқақтататын ұлттық аспабымыз – қастерлі қазынамыз», – деді Д.Кәрібек.
Сөз соңында партия Хатшысы «Алтын домбыра» орталығының шәкірттеріне қолдау көрсетіп, алғыс хат пен қаржы сертификатын табыс етті.
«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұлттық домбыраны ұлықтау іс-шаралары елордамен шектелмей, оған ел аумағында бас-аяғы 4 000-ға жуық адам үн қосып жатқанын жеткізді.
«Біз бабадан мирас болып қалған қастерлі домбыраның мәні мен маңызын, тарихын жас ұрпақтың бойына сіңіруді көздеп отырмыз. Домбыра – ұлтымыздың жүрек үні, көңіл сыры. Халықтың рухын көтеріп, ортақ Отанымызға деген махаббатын жаңғыртсақ дейміз. Ел мен жерге деген, мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілік осындай іс-шараларда қалыптасады», – деді ол.
Астана қаласының әкімінің орынбасары Есет Байкен қара домбыра халқымыздың болмысымен егіз, мінезімен үндес аспап екенін алға тартты.
«Биыл елордада 17 мың балақай бірінші сыныптың табалдырығын аттайды. Оның 9 мыңнан астамы қазақ сыныптарында білім алуға ниетті. Олардың 6 мыңнан астамы қосымша сабақ ретінде домбыра пәнін таңдады. Жас ұрпақтың ұлттық аспапқа деген қызығушылығының бір көрінісі – осы», – деді Е. Байкен.
Іс-шара барысында «Алтын домбыра» орталығының шәкірттері бір емес, бірнеше күйді орындап, көзіқарақты көрерменнің ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, көрермендер арасында викториналар ойнатылып, қызықты сұрақтар қойылды.


03 шілде 2023 ж. 173 0