Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

РЕФЕРЕНДУМДЫ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Республикалық партия штабының мүшесі Геннадий Геннадиевич Шиповских және Қызылорда облыстық маслихат депутаты, облыстық штаб мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық штаб төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы, аудандық маслихат депутаты Үсенов Темірбек Референдумды түсіндіру мақсатында өзге ұлт өкілдері және Жаңарған Жаңақорған Жастары қоғамдық бірлестігімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында еліміз бойынша 2022 жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетінін, соған байланысты штаб мүшелері халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастағанын жеткізіп, қатысушыларды референдумға шақырды.
Сонымен қатар Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз.
Конституциялық реформа саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік береді. Саяси партияны тіркеу үшін қолдаушылардың саны 5 мың адамға дейін қысқаруы оң өзгерістерге әкеледі. Әсіресе, жаңа партия құрудағы жеңілдіктер халықтың саяси белсенділігін арттырады. Ал партиялар Парламентке өту үшін бұрын 7 пайыз дауыс жинау қажет болса, ол меже қазір 5 пайызға дейін түсті. Бұның барлығы алдағы уақытта саяси партияға бірігемін деген азаматтар үшін, жаңа партия құрамын деген азаматтар үшін де жасалып жатқан оң өзгерістер, біздің мемлекетіміз де жаңа партиялардың құрылуына және қазіргі бар партиялардың да жаңаша форматта жұмыс істеуіне алып келетін болады. Президентіміздің референдум өткізу туралы ұсынысы түрлі кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік берері анық. Сонымен бірге, азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік береді. Алдағы Референдум – мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуды көздейтінін айтып, азаматтық борышты өтеуге шақырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, пікір алмасу болды.
Кездесу барысында штаб мүшелері қатысушыларға алдағы референдум - мемлекетімізді жетілдіруді, жаңғырту мен нығайтуды көздейтіндігін айтып, 5 маусымда референдумға қатысуға шақырды.

#ReferendumAmanat

27 мамыр 2022 ж. 505 0