№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аусыл ауруы бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шаралар

Аусыл ауруы бойынша эпизоотиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шаралар



Малы саудың – жаны сау демекші, Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық іс-шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Сондықтан да індетке қарсы атқарылатын барлық шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталған.
Облыс көлемінде жыл сайын адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті індеттерге, оның бірі аусыл ауруына қарсы жоспарлы ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Аусыл – жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың індеті. Індетке ұшыраған малда қызба, ауыз қуысының кілегейлі қабығында, желінде және тұяқ арасында афтозды жаралардың пайда болу сияқты белгілері болады. Жыл сайын аусыл ауруына жүргізіліп отырған ветеринариялық-профилактикалық шаралар өңірде эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз етуде.
2022 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында аусыл ауруы тіркелген. Ауыл шаруашылығы министрлігі бүкіл республика бойынша аусылға қарсы вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты вакцинациясыз 1, 2, 3, 4 бос аймақты (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан), сондай-ақ 5 аймақты (Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының бөліктері) вакциналарды қолдана отырып, аусылдан қолайлы аймақтарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Аусыл – мал шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіретін ауру, алайда жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтаған жағдайда адам үшін қауіпсіз болып қала бермек. Жануарлармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін естен шығармағандарыңыз жөн.

ҚР АШМ Ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетінің
Жаңақорған аудандық
аумақтық инспекциясының бас маманы
Мұхтарқызы Арабэль
30 маусым 2023 ж. 212 0