Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 550

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "Алтын тақта" алаш рухы

"Алтын тақта" алаш рухы


Жаңақорған аудандық мұражайында «Алтын тақта» тоғызқұмалақтан жолдастық кездесу сайысы өтті.
"Тоғызқұмалақ" ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түрлеріне жатады. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның ертеде пайда болғанынан хабар береді. Жалпы «Тоғыз¬құмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойын мақсаты — ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.


Бүгінгі сайысқа 5 команда қатысты және аудандық спорт мектебінің мұғалімі, Ермұхамед Әлайдаров төрешілік жасады.
— Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орнын айшықтап келетін қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ ойыны бүгінде жастар арасында белең алып келеді. Ұлттық ойынды дамытуда Жаңақорған аудандық музейі спорт мектебімен әріптестік байланыста, -деді Жанаева Ажар Мәжитқызына ойыншыларға жылы лебізін білдіріп.
08 маусым 2023 ж. 447 0