№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шаттығы шалқыған ұстаздар отбасы

Шаттығы шалқыған ұстаздар отбасы



Қандөздік Төлеубековтер отбасы береке-бірлігімен, еңбекқорлығы мен ізеттілігімен белгілі, шаттығы шалқыған шаңырақ. Осы әулеттің белді өкілі ерлі-зайыпты Еркебұлан мен Ақтолқын ұстаздық жолда қызмет етіп келеді.
Отағасы ағылшын тілінен сабақ берсе, отанасы – психолог. Екеуі де №240 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте ұлағатты ұстаз, көп балалы ата-ана. Елдің келешегі кемелді болуы жастарға байланысты десек, оларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Осы ретте, білім саласына қатысты реформаларды сәтті жүзеге асыруда қос ұстаздың жасап жатқан еңбегі ерен. Олар жастардың шет тілді меңгеріп, білімін арттыруға үлес қосуда.
Жалпы білім беру саласында Еркебұлан мен Ақтолқын сынды қаншама жастар қызметтің жүгін көтеріп, елдік мүдде жолында еңбек етіп келеді. Білім беру саласында еңбек ететін жарасымды жұптар көп. Өздері жұмыстан бөлек үй шаруасын бірге тындырып, барлығын ақылдасып істейді. Отанасының сөзінше, адамгершілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік отбасын берекелі етеді.
06 маусым 2023 ж. 136 0