№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су – тердің құны, елдің мұңы болып тұр

Су – тердің құны, елдің мұңы болып тұр




Мен аудан ауыл шаруашылығы саласында төл мамандығым – агроном ретінде 42 жыл етене тер төккен екенмін. Соның ішінде бір тоқтала кететін жайт, уақыт талабына сай аудандағы егін шаруашылығымен айналысатын 350 қожалықтың жерлерін реттепбелгілеу бойынша құрылған аудандық комиссияның төрағасы болып, ауданның мына шеті «Сунақата ауылынан ана шеті Көктөбе елді мекеніне дейінгі аумақта» талай шешімді шығаруға атсалыстым. Міне, сондықтан да жер мен судың жай-жапсарын терең білем десем қателеспеймін. Бар саналы өмірім осы ауылшаруашылығында өтті. Өздеріңіз білетіндей, егін шаруашылығы қай кезде дарияның суына тікелей тәуелді. Дарияның деңгейі төмен түсті бітті егістіктің астындағы бар суды дария үлкен қашыртқы есебінде өзіне тартып алады. Бір жылдары қыркүйек, қазан айларында Шардарада су қоймасынан төмен қарай секундына 10 м/куб су тасталды, сонда біздің ауданның тұсынан секундына 130-120 м/куб су ағып жатты. Бұл дегеніміз жер асты суына дарияның қашыртқы есебінде болғанын білдіреді. Мал ішетін ойдымойдым шұңқырларда да су қалмаған кез болған.
Аудандағы тегістелген инженерлік жүйедегі жерлердің бәрі дерлік Қызылқұмның етегі, қалың сексеуілдің астынан аршылған жерлер болып саналады. Сондықтан жоспарлы су қашанда жетпеген, жетпейді де. Ауданда ауыспалы егістің тәртібімен жұмыс жасау жүйесі толығымен сақталған. Қай танапқа қандай дақыл орналастыру керек болса, егіншілер сол талапты мұқият сақтап отыр. Шаруа қожалықтар ауданда көп болғанымен танаптың бір жеріне күріш, екінші бір жеріне бидай не жоңышқа дақылдары егіліп отырған жоқ. Аудан көптеген ұсақ шаруашылықтарға бөлінген, сондықтан да су жетіспейді деп ойлаушылар да бар шығар, бірақ тіптен олай емес. Нақ бүгінгі күні дариядан 500-600 м3 су өтіп жатыр. Ал егіншілерге су жетпейді. Жоспарлы 2600-гектар тегістелген жері бар бір ауылда ауыспалы егісті барынша азайтып, басқа дақылдарды былай қойғанда бар болғаны 300-гектар күріш егісіне су жетпей жатыр. Шаруалар бұған бар қаражатын салды, өсіп тұрған жоңышқа танаптарын бұзды, дәнін, тыңайтқыштарын шашты, техникалар жалдап, жанар-жағар майды аямады. Енді су жетпейді. Не істеу керек? Бұған не амал бар? Егер дарияда анық жоғарыдай мөлшерде су бар болса Мұсаханов каналы сағасынан 80-85 м3/сек су алуға мүмкіндік бар. Бірақ, ол су берілмейді Себебі, аудан жоспарлы суына 10-15 м3\сек артығымен су алып отыр.
Ауданда бар-жоғы 7300 гектар күріш егісі бар екен. Уақытысында 9500-гектар күріш дақылы егіліп, дариядан секундына өтетін 450м куб сумен ауданның бүкіл егісі қалай қамтамасыз етілді? Ол кезде де жоспарлы су деген болды ғой. Осы судың үстіне К-2 қашыртқысынан дарияға секундына 17-19 м/куб қайта құйылатын су және де К-1 қашыртқысынан 7-8 м3 суды, барлығы 25-27 м3 су, тағы басқасы бар су жоспарлы суға қосылып берілетін.
Жаңақорған облыстағы күріш дақылын егетін жеті ауданның ішінде қашыртқысы дарияға қайта құйылатын бірденбір ауданбыз. Бұл бірінші жағдай. Екінші. Ауданда «Сумағар» деген ұзындығы 35 км келетін канал бар. Ол да суды Түркістан облысы Балтакөл ауылының 20 км бас жағынан дариядан алады. Сыйымдылығы 12-14 м3\секундпен «Мұсаханов» каналына қосылады. 2016-17 жылдары 31 шақырымын облыстық су шаруашылығы мекемесі есебінен, қалған 4 км-ін Қаратөбе ауылының жерінде болғандықтан аудандық бюджеттен, 30 млнның үстінде қаражаты бөлініп, толық қазылып жөндеуден өтіп пайдалануға берілген. Осы каналдан кемінде секундына 5 м\куб су Мұсаханов каналына толық қосылуына мүмкіндік бар. Сондықтанда осы жоғарғы жағдайларды ескере келіп, аудан көлемінен арнайы комиссия құрылып К-2, К-1, «Сумағар» қашыртқылары мен каналдарының суын өлшеп, осы суды қалайда бүгінге беріліп жатқан судың үстіне қосып алу керек. Бар ақылды да, күшті де осы жерге жұмсайық. Өйткені бұл су аудандағы беріліп жатқан судың жер астынан кеткен бір бөлігі. Басқалай су болуы мүмкін емес. Үшінші жағдай. Дәл осындай егіншілер шулап жатқан кезде ауыл әкімдері жайбарақат қарап отыратын жөні жоқ. Күндіз-түні егіншілермен бірдей жұмыс істеу керек. Кезінде ауылдың егістік басында үй тігіп жатып жұмыс істеп, «Мұсаханов» каналының сағасында 50- 60 адамды жұмылдырып, тіпті қолдап шелекпен құм шығарып, және көзбен қадағалап учаскелік каналдарға қадағалау жасап, сушылардың кезекпен су алуына жауапты болған едік. Бұған куә адамдар жетерлік. Учаскелік каналдардағы қожалықтардың өзара келісіп, кезекпен су алуы өте бір тиімді әдіс. Сол учаскелік каналдың бойында 2-4 қана күріштік танап бар, келісіп біреуінің айтқанына тоқтаса, алдымен біреуі учаскідегі бар суды алады, қалғанының құлағын су алушы өзі барып жауып, біткен соң келесіге кезегін беріп отырса барлығына да үлгеруге болады. Су танапты тез басады. Оқушы кезімде Тәжікстаннан көшіп келген ағайынмен көршілес болдық. Көршілес екі үйдің де үйіргелік жеріміз 25 соттықтан болатын. Жерімізді суғаруға келгенде кезекті сол диқан атаға беруші едік, ол кісі 25 соттық жерін үш күн суғарады. Мен 5-6 сағат суғарамын. Суарғанда қандай, бар атызды суға толтырып аламын. Бір күні сол диқан кісіден сурадым. «Жеріміздің көлемі бірдей, сіз неге үш күн, мен неге бар-жоғы 5-6 сағат суарам» деп. Сонда ол қария: «Мен, атыздарыма көлемдеріне қарай бөліп, ызалатып суғарамын» – деп еді.
Міне, осындай су аз жылдары атызға тез арада су толтырып өнім алам деуден гөрі өзара келісіп, араларыңыздан бір салиқалы азаматты шығарып, суға жауапты етіп, кезекпен қарқынды бәсеңсітпей суғару керек. Ең бастысы, егілген егіннің судан қалмауы үшін осы кезектілік мәдениетінің сақталуына бәріміз мүдделі болуымыз керек. Жоғарыдағы үш мәселеге байланысты толыққанды жұмыс жасалынса, су мәселесіне байланысты штаб құрылса, егіншілердің су мәселесі шешілер еді. Ең негізгісі, дарьяда су бар, жұмысты тиімді үйлестіруіміз керек.

Алмас Нәлібаев,
Жаңақорған ауданының “Құрметті азаматы
06 маусым 2023 ж. 137 0