№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлы жеңіс – мәңгі жүрегімізде

Ұлы жеңіс – мәңгі жүрегімізде



Ұлы Жеңіс! Бұл – дүниежүзі халқы үшін қасиетті сөз. Ұлы Жеңіс – өшпес даңқ пен өршіл рухтың асқақтаған күні. Ұлы Жеңіс ерлердің ары – байрақ, намысын – найза еткен қаһармандықтың, ерен ерліктің көрінісі. Иә, сол отансүйгіштік асыл қасиет сын сағатта атабаба арманын ақиқатқа айналдырды. Адамзат атаулыға қасірет пен қантөгіс алып келген сұм соғыстың аяқталғанына биыл 78 жыл. Ерлік рухы ешқашан ұмытылуға тиісті емес. Күллі халық болып еске алатын айтулы датаны бұл жолы да аудан басшылығынан бастап ауған ардагерлері, полиция қызметкерлері мен сала басшылары ерекше құрметпен еске алды.

Жеңіс, Жеңіс!
Оңайлықпен келмеген,
Сондықтан да, қарсы аламыз гүлменен.
Омырауы орден толған ағалар,
Қан майданда ел намысын бермеген. Тағзым алаңында оқылған әсерлі жыр жолдары осылай төгілді. Ұлы Жеңісті терең толғаған қазақ поэзиясы аға буын мен жас ұрпақтың көзіне еріксіз жас келтірді. Мәңгілік шейіт болған боздақтар рухына арналып, «Мәңгілік алауға» аудан әкімдігінің, ауған ардагерлері мен полиция, білім Ұлы жеңіс – мәңгі жүрегімізде бөлімі, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сап түзеп жүріп өтіп, тағзым гүлдері қойылды. Қарулы күштердің бір топ сарбазы салют атып, салтантты жиынның шымылдығын ашты. Аудандық өнерпаздардың әзірлеген қойылымы көптің назарын өзіне аударды. Қанқұйлы жылдардың адам тағдырына әсерін бейнелеген көрініс көз алдымыздан өтті. Отан үшін кеудесін оққа тосқан боздақтарды еске алу үшін үнсіздік жарияланды. Ұлы Жеңіс үшін қайсарлық танытқан бабалар рухына ауданның бас имамы Әбдіхалық Наметов қасиетті Құран аятын оқыды. Ұлы Жеңіс мерекесіне келген көпшіліктің алдына шығып, құттықтау лебізін білдірген аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы:
– Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы бейбіт күнде өмір сүруде.Тыл ардагерлері майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды. Азаматын жоқтатпаған қамкөңіл аналар мен ер-азаматтың қайратын қажет ететін «қара жұмыста» жүріп, ерлермен иық тірестіре орақ орып, жер жыртысқан қыз-келіншектердің де ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі, қала мен даланың гүлденуі осы жеңістің арқасы, – деді.
Тарих таңбалаған Жеңіс күні отан үшін от кешіп, елімізге бейбіт ғұмыр сыйлаған ардагерлердің қаһармандығы ұрпаққа паш етуімен құнды. Сұрапыл соғыс жылдарында елде қалған аналар, буыны қатпаған балалар еңбекке жегіліп, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген тілекпен ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Осындай тауқыметті тағдыр мен бейнетті жылдарды бастан өткерген Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Тыл еңбеккерлеріне, ауған ардагерлеріне ықылас пен құрметіміз ерекше. Зұлмат соғысқа аудан атынан 4974 адам аттанып, оның 2280-і елге оралған жоқ. Міне, біз бүгін майдангерлердің есімі алтын әріппен жазылған «Жеңіс» саябағында өз бабаларымыздың ерлігіне бас идік.
Сөйтіп, 1972 жылы зерттеу жұмыстарын жалғастыруға қомақты қаржы бөлінді. Біздің кейіпкеріміз қайтадан ойындағы жұмысын жалғастыру үшін техникалық жетекші болып Шалқияға келді. Іздеу, зерделеу, тау жыныстарын егжейтегжейлі барлау кезеңдерін толық орындап 1983 жылы Мәскеуден руданы өндірістік мақсатта пайдалануға Ащысай полиметалл комбинатына өткізуге рұқсат қағазы алынды. Ресми құжаттар негізінде 1985 жылдан бастап Шалқия қазбалы кенорны Қызылорда облысына өтті. 1982 жылы 4 маусым күні Шалқияға бұрынғы геология министрі, академик Шахмардан Есенов тағы келді. Шахтаны көріп, кеншілердің тірлігімен танысты. Жас баладай қуанып, өзінің ризашылығын білдірді. Сонымен, Өгіз мүйіздің оңтүстікбатыс жағын Құттықожаға дейін зерттеп руданың 550-750 метр қалыңдықта орналасқанын анықтауға дейін қаншама жұмыстар жүргізілді. Жайылманың солтүстік-шығыс, батыс жағынан ұңғымалар қазылып руданың жоқ екені дәлелденді.
Зерттеу-барлау жұмыстары басқа арнамен жүргізіліп, көп ұзамай Бірлік кеңшарының тау жағындағы «Бөрібай», «Жалғызағаш» деген жерлерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Талап кеңшарының солтүстік жағындағы жерлерден қорғасынмырыш табылды. Талап кенінің айырмашылығы бұл жерде қорғасын рудасы көп, ал мырыш аз, керісінше Шалқияда мырыш қоры көп, қорғасын аз. Шалқияда рудалы қендіктер көлденең орналасып, шамамен 50 метрден басталып 480 метр тереңдікті құрайтыны анықталды. 1965-1966 жылдары Шалқия кені зерттеліп жатқанда сол кезде Қазақ ССР Халықтық Бақылау Комитеті төрағасы Ахмет Әділов келгенінде, Шалқия қазбалы кен орнын игерудің экономикалық жағынан тиімді екенін анықтап, солай қарай теміржол тарту қажеттігін жобалап кеткен-ді. Сонан кейін шамамен 1984 жылы Ахмет Әділов қайта соғып, өндірістік өзімен көріп облысқа өткізу жөнінде ресми құжаттарды пысықтап қайтқан болатын. Биыл Жаңақорған ауданындағы бірегей кен орны Шалқия кенішінің ашылғанына қырық жылдан асты.
Осы уақыттан бері кеніш екі рет ашылып, екі рет жабылды. Әрине, кеңес дәуірінде кенішті өркендетуге одақтың түсті металлургия министрлігі қыруар қаржы бөліп, мәртебелі тұлға марапатқа лайық (Жалғасы. Басы 1-бетте) кен орнының инфрақұрылымдарын жасауға, әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты көп жұмыстар атқарылды. Шалқия кенті өмірге келді. Кешегі тоқырау жылдары кеніштің жағдайы күрт қиындап, тіршілігі тоқтап жабылып қалған. Істі жүргізуді қолға алған бірінші және екінші инвестордың мақсаты сәтсіз аяқталған болатын. Үшінші рет кенішті 2014 жылы мемлекет өз қарауына алып, «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорының меншігіне алды. Міне осы кезеңнен бастап Шалқияның үшінші тынысы ашылды. Қазіргі таңда кеніш 1000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Шалқия кентінің жағдайы бұдан да жаңарады деп сеніммен айтуға болады. Шалқиядан кен байыту фабрика салынған кезде оның жобалық қуаты 2 млн тонна кенді байытатын жағдайға жеткеннен кейін тағы да болашақта металлургиялық комбинат салу мәселесі күн тәртібінде тұр. Сол кезде Шалқия республикада үлкен өндіріс орнына айналмақ.

ҮЛКЕН ІСТІ ҮЛГІЛІ АДАМДАР АТҚАРАДЫ

Шалқия жерінде руданың бар екендігін дәлелдеу үшін басын бәйгеге тігіп, жауапкершілікті мойнына алып, табанды жұмыс жасап, ақыры мақсатына жеткен білікті жанның қайраткерлігіне қарап, осы тәуекелді талаптың астарында туған елге деген перзенттік махаббат, адал сүйіспеншілік жатқанын мойындауымыз керек. Тұрлыбек Шоназаров 1993 жылы құрметті демалысқа шықты. Кент тұрғыны, еңбек ардагерін одан кейін де кеніш жағдайына байланысты өтіп жататын жиындарда көріп жүрдік. Әлі есімде, 2003 жылы ақпан айында осындай жиналыс өтті. Ол кезде тоқтап тұрған кеніш жұмысын «Таукен» ЖШС қолға алған кез болатын. Кеніште жоғары сапалы мырыш пен қорғасынды жабық сілтілендіру әдісімен алудың алғашқы сынақтары өтіп жатқан кез. Дегенмен бұл әдістің қоршаған орта мен ауызсуға зияны болмайма деген көкейтесті сұрақ жандарын мазалаған бір топ еңбек ардагерлерін осы жерден кездестірдік. Араларында осы Тұрлыбек ағамыз да бар еді. Ол кісі сөз алып, кен өндіруде сілтілендіру әдісі табиғатқа және жер асты суларына көп зиянын келтіруі мүмкін деген ойын өз көзқарасы тұрғысынан жеткізді. Өз қолымен құрған өндірістегі жаңашыл әдістердің жандануына қарсылығы деп бағалаудан бұрын өмірден көрген-түйгені мол тәжірибелі маманның келешек ұрпақ тағдырына деген жанашырлықтан туған талап-тілегі деп түсіндік мұны. Бүкіл өмірінде кен тағдыры – ел тағдыры деумен келе жатқан, бүгінде жасы тоқсанның төріне озған осы кісіні мәртебелі жиындарда кездестіре алмауымыз көңілімізге көлеңке ұялатып жүретін. Бүгінгі құрмет осы олқылықтың орнын толтырғандай. Алдағы уақытта да еңбегі зор ақсақал түрлі мерекелерде құрмет пен сыйды иеленіп жататын еңбек майталмандары ортасынан ойып орын алып жатса қандай жарасымды.

                                                                                                                                                  Баян ҮСЕЙІНОВА
11 мамыр 2023 ж. 215 0