Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстанда темекі қымбаттады

Қазақстанда темекі қымбаттады

Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтің бұйрығында айтылған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство басшысы 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Бұйрыққа сәйкес 20 дана фильтрлі және фильтрсіз темекіге, папиросқа, сигараға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы мынадай болып бекітілді:
  • 920 теңге – 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін (бұрынғы баға – 820 теңге);
  • 970 теңге – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын – 870 теңге).
Бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
09 шілде 2025 ж. 242 0