Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарттарым, есен-сау жүрші...

Қарттарым, есен-сау жүрші...

Жеңіс күні мерекесіне орай аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы тыл ардагерлері, қарт ұстаз Әбдіқалық Әйтілеуов пен Екпінді ауылында тұратын Жорабек Байсейітов ақсақалдарға арнайы сәлем беріп, мерекемен құттықтап қайтты. Қос қарияға құрмет көрсетіп, батасын алып, жылы лебізін білдірді.
Аудан бойынша майданға қатысқан ардагерлердің қатары қазір арамызда қалмады. Сол сұм соғыстың нәубетін көріп, бала болса да тылда тер төгіп еңбек еткен абыз ақсақалдарымыздың да қатары тым сиреді. Оларға тыл ардагерлері ретінде соғыс майдангерлеріне теңестіріліп статус берілді. Аудан басшысы сондай сүйегі асыл ардақты аталарды аралап, алғысын жеткізді. Алдымен Екпінді ауылында тұратын Жорабек Байсейітовтің шаңырағына барып, құттықтап шықты. – Бүгінгі бейбіт күннің тілекшісі де, тіреуі де болып жүрген өздеріңіз секілді асыл қарияларымызға құрмет көрсету біз үшін үлкен міндет. Елдің бүгін еңсе көтеріп, бірлікте болуы да сіздердің арқаларыңызда. Қазақта "қарты бар ел қазыналы" деп бекер айтпаған ғой. Сондықтан сіздерді барларыңызда бағалап, сәлем беріп, баталарыңызды алып тұрсақ бізге осының өзі бір белес. Өскелең ұрпақ сіздердің ел үшін жасаған еңбектеріңізді ешқашан ұмытпауы тиіс. Ең бастысы, Алла сіздерге күш-қуат беріп, ұзақ жасап, арамызда жүре беруді жазсын, – деп аудан басшысы сый-құрметін көрсетті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков және аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов те ыстық ықыласын жеткізіп, алғысын білдірді. 94 жасқа қадам басқан Жорабек атамыз да қол жайып, ақ батасын берді. Жалпы Жаңақорғанда тыл ардагері мен соғыс ардагеріне теңестірілген абыз қариялардың қатары сиреді. "Тау алыстаған сайын биіктей береді" демекші, сүйегі асыл ардагерлерден екі абыз ғана қалыпты. Соның бірі осы Жорабек ақсақал. Қысқаша өмір тарихын айтатын болсақ, 1929 жылы дүние есігін ашып, зейнетке шыққанша әр саланың жүгін көтеріп, елге ерен еңбек еткен жанның бірі. Балалық кезі ашаршылықпен тұспа-тұс келіп, одан кейін соғыс жылдарымен жалғасқан атамыздың ғасырға жуық ғұмырнамасы нағыз қиын-қыстау кезеңге тап келді. Бүгінде 8 ұл-қызды өсіріп, олардан 40-қа жуық немере, 30-ға жуық шөбере сүйіп отыр. Қазір қара шаңырақта ортаншы ұлы мен келіні отыр. Одан кейін ұзақ жылдар халық ағарту саласында абыройлы еңбек етіп, әлі де бұқара арасында тәлімгерлік беделі биік қадірменді ақсақал Әбдіхалық Әйтілеуов атамыздың үйіне жол түсті. Бұл жолы кент әкімі Асқар Ибрагимовте бірге қарттардың лебізіне ден қойып, алғысын жеткізді. Аға деп сыйлап, ұстаз деп құрмет көрсете келген жандарға ардагер ұстаз: «Айналайындар, ниеттеріңе рақмет. Қамқор көңілдеріңе мың алғыс. Менің айтар ақылым, елге ессіз беріліп еңбек етіңдер, қарақтарым. Менің әкем өмірден өткенше «ұлтқа қызмет етудің ұлы жолында болыңдар» деп өсиет қылып кетіп еді. Жан-тәніммен әкемнің сол аманатын орындауға әлі де ынтықпын. Ұрпағыма да соны аманаттап отырмын» деп қысқаша сөз саптады. Бұл кісінің де өмір жолынан мол ғибрат алуға болады. Ғасырға адымдаса да атамыздың айтары бар, өткенді өрнектей білуі қуантты. Келген қонақтарды жылы қарсы алып, тарихтан кішкене сыр шертіп, әңгіме өрбітті. Қонақтарға әңгіме соңында: «Елге адал қызметтеріңе береке берсін, тек өздеріңе көп көңіл бөліңдер. Денсаулықтан артық байлық жоқ» деп жылы шырай танытты. Айта кететіні, Әбдіқалық атамыз 5 мамыр күні 93-тің көктеміне қадам басып, жасына жас қосуда. Қартын қазына, құт-береке деп таныған қазақтың бұл қасиеті көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашан да бақытты. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

                                                                                                                                          Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
08 мамыр 2023 ж. 196 0