ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 78 ЖЫЛ
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 78 ЖЫЛ!
Жаңақорған халқы жыл сайын
9 мамыр – Жеңіс күнінде майдан даласында мерт болған сарбаздарды еске алып, оларға тағзым жасауды естен шығарған емес. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, аудан әкімі, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағына гүл шоқтарын қойып, құран бағыштап тағзым етті.
– Қанша жанның тағдырын қиып, бірін – әкеден, бірін – бауырдан, енді бірін асыл жарынан айырған алапат майданның аяқталып, еліміздің көгінде Жеңіс туының салтанат құрғанына биыл 78 жыл толып отыр. Біз – Жеңіске жеткен бабалардың ұрпағымыз. Сол алдыңғы буын – әкелеріміз бен аталарымыздың арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз. Сондықтан ардагерлеріміз мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде де барлық құрметке лайық. Өздеріңізге мәлім, Ұлы Отан соғысы жылдары әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.
Бұл күні "Жеңіс" саябағына жиналған жұртшылық аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.
Сонымен қатар, аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов және «Байкен-U» ЖШС - і өкілі аудан орталығындағы соғыс ардагерлеріне теңестірілген Үпен Жүніс және Әйтілеуов Әбдіқалық ағаларымыздың шаңырағында болып, ардагерлерге мерекелік сый - құрмет көрсетті.