№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғаламат жобалар жаңҒырды

Ғаламат жобалар жаңҒырды



Осы апта жаңақорғандықтар үшін жақсы жаңалықтармен басталды. Қос бірдей ауылға табиғи газ келіп, ел игілігіне берілсе, Сыр елінің оңтүстік қақпасы салтанатты түрде ашылды. Осы бір тарихи сәттің қуанышын аудан халқымен бірге бөлісу үшін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен аймақтың ардагер ағалары атамекенге ат басын бұрды.
Ауданға 2015 жылы газ келіп, кент тұрғындары бөркін аспанға атқан еді. Ғасыр жаңалығына баланған бұл жобаның жалғасын ауылдағы
ағайын асыға күткен болатын. Міне, сол армантілек сегіз жылдан соң орындалып, елді мекендер от жағудан құтыла бастады. Бірінші болып берекелі Бірлік пен құт қонған Қыраш ауылы көгілдір отынға қол жеткізді. Алдымен аймақ басшысы бастаған делегация Ақүйік ауылдық округіне бет алып, газдың қосылу сәтіне куә болды.

– Қарт Қаратаудың етегіндегі Бірлік ауылы үшін бүгін тарихи күн. Бірлігі мен берекесі жарасқан, шаңырақтың түтіні түзу ұшқан
ауыл тұрғындарын осы бір тарихи сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деген болатын. Президентіміз бен Үкіметтің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Өткен жылы 14 газдандыру жобасын жүзеге асыруға 8,7 млрд теңге бөлініп, игерілді. Нәтижесінде 6 ауылды газға қостық. Осылайша өңірдің газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Бұл – 26 елді мекен, 583 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылды деген сөз. Биылға республикалық бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлініп, 2022 жылы басталған 7 жоба жалғасты және 12 жаңа жобаның құрылысы басталады. Оның ішінде, Жаңақорған ауданының Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Төменарық, Кейден ауылдарына көгілдір отын кіргізу жұмыстары басталады. Ауыл тұрғындарын тарихи күнмен тағы да құттықтаймын! – деп облыс әкімі жылы лебізін білдірді.


Ақүйіктік ағайынды қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов құттықтады. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәулебек Бейсенбаев
жұртшылық атынан алғысын білдіріп, батасын берді. Айта кетейік, «Ақүйік» ауылдық округіндегі «Бірлік» ауылына газ құбырын «Gas Energy Construction» ЖШС жүргізді. Жоба республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылды, оны іске асыру нәтижесінде 440 тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысан газдандырылды. Одан кейін, аймақ басшысы Қыраш ауылына аялдап, газды жағып, көпті қуанышымен құттықтады. Бұл елді мекенде 124 тұрғын үй мен 6 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылды. Салтанатты іс-шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын құттықтады. Қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев сөз сөйлеп, Қыраш ауылы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сұлтанхан Ақылбеков бата берді. Ақсақалдардың ақ батасынан соң, ауыл имамы Әбдімәлік Шахановтың отбасында, газдың үйге қосылуының куәсі болдық. көлемінде бекітілген болатын. Күні кеше нақтылаумен оның көлемі 592,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2022 жылғы бюджет көлемімен салыстырғанда бұл 205,5 млрд. теңгеге немесе 1,5 есеге артық», – деп ізгі ниетін білдірді.

Жиналған қауымды қоғам қайраткері Мұрат Бахтиярұлы құттықтап, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов ақ батасын берді. Іс-шара соңында қақпа маңында автокөліктер шеруі ұйымдастырылып, салтанатты рәсімнің сәнін келтірді. Айта кетейік, жаңадан салынған қақпаның ені 43, биіктігі 17 метр, сыртқы қасбеті ұлттық нақышта безендірілген. Жалпы Сыр елінде соңғы бір жылдың ішінде кәсіпкер жандардың демеушілігімен қаншама нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәселелер шешілуде. Мәселен, белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы жүргізілуде. Шілде айында пайдалануға беріледі.
«Балалар жылында» демеушілер жалпы құны 1,6 млрд. теңгеге 80 спорт-ойын алаңын салып, балдырғандарымызға тарту етті. Бұл бастаманың жалғасы әрі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, ескі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту басталды. Мұнан бөлек, демеушілер есебінен Жаңақорған ауданында құны 790 млн
теңге болатын заманауи демалыс паркі ашылды. Одан басқа тындырымды тірлік көп. Мешіттер салынып, баспанасыз жандар үйлі болуда. Бұл да аудан азаматтарының туған жерге деген қамқорлығы, махаббаты деп қарауымыз керек. Биыл да мұндай ірі жобалар жаңғырады деп күтудеміз. Барлығына уақыт төреші. Ең бастысы, аудан келбеті көркейіп, әлеуеті артып, экономикасы еселеніп келеді

                                                                                                                                            Әлібек Жарықбаев
25 маусым 2023 ж. 170 0